БҚО командасы – жеңіс тұғырында

БҚО командасы – жеңіс тұғырында

Ағымдағы жылдың 11-16 шілде күндері Шымкент қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасында өткен ҚР XII жазғы чемпионатында Батыс Қазақстан облысының командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

 

 Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Чемпионатқа 13-14 жас, 15-16 жас және 17-18 жас тобынан барлығы 17 команда қатысқан. Солардың арасында шабуыл сатысымен көтерілетін жарыс түрінде Батыс Қазақстан облысының командасы 3-орынды иеленген. Ал жеке есепте жоғары топтағы жасөспірімдер арасында Никита Мухамадеев – 3-орынға, кіші топтағы жасөспірімдер арасында Абылай Серіков 1 орынға ие болған.

100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту сайысында БҚО командасы 2-орынға қол жеткізген. Жеке есепте кіші топ  арасында Абылай Серіков 1-орынды жеңіп алса, аға топтар арасында Райымбек Райымқұлов 3-орынға тұрақтаған. Сонымен бірге 100 метр бойынша өткен 4 өрт эстафетасында, жауынгерлік қанат жаю қорытынды сайысында батысқазақстандық команда 1-орын алған. Осылайша БҚО командасы жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие болды.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
19.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5158
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5319
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20284
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18923
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22381