Бүгінгі қоғамның дерті, жүйелі проблемалардың бастауы еліміздегі – мемлекеттік сатып алу бойынша ұйымдастырылған жұмыстар. Оның ішінде, заңнаманың қитұрқы тұстары көп.

Бүгінгі қоғамның дерті, жүйелі проблемалардың бастауы еліміздегі – мемлекеттік сатып алу бойынша ұйымдастырылған жұмыстар. Оның ішінде, заңнаманың қитұрқы тұстары көп.

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

 

Құрметті Ерұлан Кенжебекұлы

 

Бүгінгі қоғамның дерті, жүйелі проблемалардың бастауы еліміздегі – мемлекеттік сатып алу бойынша ұйымдастырылған жұмыстар. Оның ішінде, заңнаманың қитұрқы тұстары көп.

Иә, ашықтық деп айттық. Барлық мердігерде бірдей мүмкіндік берілді. Дегенмен, бір объект үшін жылдарға созылған сот процестері таусылар емес.

Соның салдарынан елімізде, оның ішінде өңірлердегі шалғай ауылдарда мыңдаған бала мектепке бара алмайды. Ал, ауыл халқы ем-домын ала алмайды, спорттық нысандар тұралап, жол жөнделмейді.

Мысалымыыз көп, мен білетін Омбы – Майқапшағай тас жолы, Тұғыл ауылындағы 10 жыл бойы салынбай жатқан спорт кешені, Ақсуат ауданындағы жартылай бітпеген су бөгеті, Төрткүл ауылындағы мектеп құрылысы сияқты бітпеген нысандар жетеді.

Бұл мәселені әр ай сайын «AMANAT» фракцияның мүшелері қаперінде ұстап отыр. Ел тұрғындарына сіздер жасаған проблеманы түсіндіріп әлекпіз!

Осы отырған әріптестерімнің өзі де,  мыңдаған мысал айтып, түсін түстей алады. Солай емес пе?!

Неге, өйткені әлеуметтік маңызды объектілер мердігерлердің бақа есебінен, жеке мүддесінен аспағандықтан соттасумен бітпей жатыр.

Қыс мезгілі де келіп қалды, шалғайдағы ауылдардың жолын қар басып, мекемелер жылусыз қалып, халық қиналса оған кім жауапты болмақ?

Енді, Мемлекет басшысы қайта тапсырма берді. Жаңа заңды дайындаңдар, мейлінше халыққа оңтайландырыңдар.

Ал, заңның жаңа жобасы әлі Мәжіліске келмеді. Біз тек сұлбасын көрдік.

Заңның «сұлбасы» не дейді:

Менің түсінгенім бойынша, заң тек «рамочный». Бұл қалай, яғни заңның маңызды тетіктері нормативтік-құқықтық актілер деңгейіне түсірілген.

Барлық мәселе тек Үкімет пен әкімдік арқылы шешілетін болады. Оған қазіргі жасалған заңның жаңа жобасы негіз бола алмайды.

Жаңа министр келсе, өзіне ыңғайлы, болмаса министрліктегі мүдделес қызметкерлерге оңтайлы өзгерістер жасай береді.

 

Құрметті Үкімет мүшелері!

 

Біле білсеңіздер, заңнан биік құжат жоқ. Сондықтан, ел мүддесін қорғайтын заңдарға келгенде – өз еріктеріңізбен қазаншы болуларыңызды  тоқтатуды сұраймын.

Ертең дау туғанда, проблема болғанда халықта, мердігерде «AMANAT»-тың депутаттарын іздейді. Сол үшін әрбір мәселе заң деңгейінде пысықталуы қажет.

Бізге «рамочный» заң керек емес. Әлі де уақыт бар.

Айтарымыз біреу ғана – заң жобасын қайта қарастыру қажет!

 

Құрметпен, «AMANAT» Фракциясының мүшелері

 

 

04.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 76
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 598
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 715
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 627
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 637

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8772
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8172
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11401
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9155
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10386