Бұқаралық спорт: Үйірме жүргізген мұғалімдерге қосымша ақы төленеді

Бұқаралық спорт:  Үйірме жүргізген мұғалімдерге  қосымша ақы төленеді

Ұлттық мектеп спорт лигасының ашылу салтанатына қатысқанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда ұлттық мектеп спорт лигасы өтіп жатыр. Сол шараның ашылу салтанатына  қатысқан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында: «Биыл Ұлттық лига 8 спорт түрінен емес, 10 спорт түрінен өтеді. Лига шеңберінде ұйымдастырылатын жарыстар алдымен мектептерде, аудан және облыста, кейін республика деңгейінде өтеді. Мұндай іс-шаралар балаларымызды спортпен айналысуға ынталандыру, соның ішінде қазақ халқының асық ату және тоғызқұмалақ сынды дәстүрлі спорт түрлеріне баулуға бағытталған. Бүгін мектеп оқушылары асық ойнап жатқанын көріп, риза болдым. Балалық шағымда бұл ойын біз үшін футбол сияқты танымал ойындардың қатарында болатын», – деп жазды Асхат Аймағамбетов. Сондай-ақ одан балалар волейбол, баскетбол, футбол, футзал, үстел теннисі, жеңіл атлетикалық кросс және басқа да спорт түрлерін таңдай алады. Министрлік мектеп және студенттер спорт лигаларын өткізу шараларын қолдайды. Біз спорт секцияларының жалпы санын 50 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысы Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударды. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін ҚР БҒМ кешенді жұмыс жүргізеді. Министрлік мектеп оқушыларының санына байланысты спорт залдарының санын ұлғайтуды көздейтін әзірленіп жатқан мектептердің үлгілік жобаларына ұсыныстар енгізді. Балаларды секциялармен қамту олардың тәлімгерлеріне де байланысты. Сондықтан спорт секцияларын жүргізетін дене шынықтыру мұғалімдеріне жұмыстары үшін ай сайын қосымша ақшалай қаражат төленеді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінен көптеген ұсыныс келіп түсетінін атап өткім келеді. Олар сабақтың тиімділігін арттыру туралы өз ойларымен бөліседі. Жақын арада мәселені талқылау және тиісті шешімдер қабылдау үшін кездесу өткізетін боламын», – деп жазды.  

Ермек Сахариев
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 30
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 61
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 52
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 25
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 56
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 61
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 56
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 53
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 60
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 51
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 58
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 57
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 282

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9292
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8687
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11915
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9689
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10896