БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді

БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді

Сыртқы істер министрлігінің апталық брифингінде ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров: «2-3 ақпан аралығында БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Наталья Герман Орталық Азия үшін Превентивті дипломатиясы жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығының басшысы ретіндегі миссиясының аяқталуына және БҰҰ Терроризмге қарсы күрес комитетінің атқарушы директоратының атқарушы директоры лауазымына тағайындалуына байланысты Орталық Азия елдері бойынша қоштасу туры шеңберінде Қазақстанға келеді. Астанада ҚР СІМ басшылығымен кездесулер жоспарлануда. Келіссөз барысында БҰҰ шеңберіндегі өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ. Тараптар Орталық Азия елдері мен БҰҰ Өңірлік орталығы арасында қалыптасқан көпжылдық әріптестік пен сенімге негізделген БҰҰ шеңберіндегі өңірлік ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін профилактикалық дипломатия құралдарын дамыту мен нығайтуды талқылауды жоспарлап отыр», – деп мәлім етті.

Ермек Сахариев
02.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4792
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4958
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19908
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18561
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22020