«Цифрлық ұрпақтың» заманы келе жатыр

«Цифрлық ұрпақтың» заманы келе жатыр

Қазақстанда ұрпақтар ауысымы жүріп жатыр. «Бэби бумерлер» ұрпағы жас мөлшерінің ұлғаюына қарай, біртіндеп нарықтан кете бастады. Олардың тарапынан қызмет көрсету және ойын-сауық саласына, тұрмыстық техникаға, үйге және балаларға арналған тауарларға, сондай-ақ тұтынушылық несиелерге деген сұраныс бәсеңдеуде. Есесіне олар тарапынан ақша жинақтау құралдарына деген сұраныс артады.

«Бэби бумерлердің» және олардың балаларының орнын өмірді смартфонсыз көз алдына елестете алмайтын жаңа «цифрлық ұрпақ» басады. Қазірдің өзінде тұтыну нарығында цифрлық технологияға қатысты кең көлемді құрылымдық өзгерістер орын алып жатқаны баршаға аян. Бірқатарын ғана атап айтар болсақ:

• қолма-қол ақша аз қолданыла бастады. Оның орнын мобильді аударымдар, картамен және түйіспесіз төлемдер басты;

• үйден шықпай-ақ сауда-саттық жасай алатын дәрежеге жеттік, ал егер ақша жетпей жатса, саусақтың ұшымен пернетақтаның түймешігін бірнеше рет басып, несие рәсімдей саламыз;

• мобильді қосымша арқылы сүйікті мейрамханадан тамаққа тапсырыс бере аламыз, такси шақырамыз, үйге қатысты жөндеу жұмыстары бойынша мамандар табамыз;

• онлайн түрінде музыка тыңдаймыз, фильмдер мен бейнеойындар сатып аламыз, білім алу курстарынан өтеміз және медициналық ақыл-кеңестер алуға қол жеткіздік.

COVID-19 пандемиясы да тұтыну саласын цифрландыруды тездетіп жіберді. Қоғамда бала туу деңгейі үнемі бір қалыпты болмайтыны анық. Кей кезеңдерде жоғары, кей кезеңдерде төмен болады. Саны көп, еңбекке жарамды, сатып алу қабілеті жоғары, білімді, тәуелсіз ұрпақтың тұсында нарықтың дамуы жоғары болады. Ал өсіп-өнген ұрпақтың орнын тарыдай шашылған, өмірден қағажу көрген аз ұрпақ басатын болса, әрине, бұл нарық деңгейін төмендетеді.

Екінші дүниежүзілік (1939-1945) соғыстан кейін әлемде бала туу деңгейі күрт өскені рас. Осылайша 1946-1964 жылдары туғандар әлемдік ғылымда «Бэби бумерлер» атанды. Қазақстанда соңғы 70 жыл ішінде «бэби бумның» (бала туудың ерекше өсуі) үш толқыны болды:

• бірінші толқын ұрпақтары қазір 58-63 (бэби бумерлердің соңғы толқыны) – бұл топты қазір көп деп айтуға болмайды. Олардың тұтыну көлемі жоғарыда айтылғанындай қысқарып жатыр. Өйткені олар нарықтан біртіндеп кетіп барады. Олардың белсенділігінің шарықтау шегі 1980 жылдардың екінші жартысына тура келді;

• екінші толқын ұрпақтары қазір 32-36 жаста (бэби бумерлердің ортаншы балалары) – бұл қазір еңбек нарығының негізін құрайтын, табысы ең үлкен және тұтыну қабілеті аса жоғары ұрпақ;

• үшінші толқын ұрпақтарының жасы қазір 8-ге жетпейді (бэби бумерлердің немерелері) – алдағы 20-30 жылда нарықтың тұтыну құрылымын белгілейтін солар. 

 «Бүгінде 32-39 жастағы қазақстандықтар (бэби бумерлердің ортаншы балалары) 21-25 жастағы қазақстандықтардан (кенже балалар) 500 мыңнан астам адамға көп. Тек көптігінің арқасында игіліктерді 2.6 трлн теңгеге артық тұтынады. Ал егер алатын табыстарын қоса ескеретін болсақ, айырмашылығы бұдан да үлкен болмақ. Біздің деректер бойынша қазір 31-35 жастағылардың орташа жалақысы 21-25 жастағыларға қарағанда 2 есе жоғары. Сәйкесінше олар тұтынатын игіліктердің көлемі жылына 7.3 трлн теңгеге жоғары», – делінген Jusan Analytics зерттеу орталығының зерттеу жұмысында.

Шынында Қазақстанның ішкі нарығы 30-39 жас аралығындағы 3 млн адамның жоғары тұтынушылық белсенділігі есебінен қалыптасқан. Олар қазір тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге деген сұраныстың шамамен 40%-ын құрайды. Олардың сатып алу қабілеті және алатын табыстары одан әрі өсіп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұған дейінгі 10 жылдықта өнімділік пен тұтынудың өсімі 20-29 жас аралығы тобынан, 30-39 жас аралығы тобына өткен осы ұрпақтың есебінен қамтамасыз етілген.

«20-29 жас аралығындағы жастардың саны 2.4 млн адамды құрайды. Олар көп емес. Бұған 1990 және 2000 жылдардың басында бала туудың төмендеп кеткені себеп болды. Бұл ұрпақтың сатып алу қабілеті төмен. Олардың ішкі нарықтағы үлесі қазір 17%-ды құрайды және алдағы 10 жылда тұтынушылық белсенділігі әрине, жоғарылайды. Бірақ нарықтың жалпы қозғалысына, даму барысына олардың ықпалы төмен. Өйткені саны аз», – делінген зерттеу жұмысында.

Айта кетелік, елімізде еңбек өнімділігінің бәсеңдегеніне 20 жыл болды. Егер 2002-2007 жылдары әлемдік қаржы дағдарысына дейін елімізде өнімділіктің орташа жылдық өсімі 8% болса, 2011-2014 жылдары 4.3%-ды, ал соңғы 5 жылда жылына 2.4%-ды ғана құрады. Мамандар алдағы 10 жылда өнімділіктің әрі қарай төмендеуі ықтималдығын алға тартып отыр.

«Біздің деректер бойынша елімізде адамның тұтынушылық белсенділігі 40 жасқа дейін өседі. Өйткені бұл жасқа дейін оның жалақысы да өседі және сатып алушылыққа деген құмарлығы да басым болады. Ал 40 жастан кейін белсенділік біртіндеп төмендей бастайды. Саны да бір деңгейде тұрмайды. Мысалы, 30-39 жас аралығы тобындағы ұрпақ санының келесі 10 жылдықта 25%-ға қысқаруы – бұл тұтыну көлемінен (2021 жылдың бағасы бойынша есептейтін болсақ) 3 трлн теңгені шегеріп тастаумен бірдей», – дейді Jusan Analytics.

Аталмыш зерттеу орталығы мамандарының бағалауынша тұтыну белсенділігінің 40 жастан кейін төмендеуіне 2 негізгі фактор бар: бірінші, алатын табыс. Тәжірибе молайып, мансап өскен сайын, жалақы да өседі. Мысалы, 20 жастан бастап, 40 жасқа дейін орташа жалақы шамамен 2 есе өседі. Ал 40 жастан кейін еңбек өнімділігінің біртіндеп төмендей бастауына байланысты жалақы да біртіндеп азаяды. Мысалы, 35-39 жастағылармен салыстырғанда 40-44 жастағылардың орташа деңгейдегі жалақысы 10%-ға, 45-49 жастағылардың жалақысы 24%-ға төмендейді. Екінші, сатып алуға деген бейімділіктің төмендейтіндігі. 40-49 жастағылардың сатып алушылық ынтасы 39-39 жастағыларға қарағанда 15%-ға төмен. Сәйкесінше 41-45 жастағылардың тұтыну нарығындағы үлесі 12.5% болса, 61-65 жаста 4%-ды ғана құрайды.

Аталмыш зерттеу жұмысына сүйенсек, елімізде бэби бумның үшінші толқыны – 2000 жылдан кейін туылған «цифрлық ұрпақтың» нарықтағы алар үлесі әзірге 1.9%-ға ғана тең. Келесі 5 жылда тұтыну көлемі 6 есеге, ал 2032 жылдан әрі қарай 18 есеге артып, жалпы тұтынушылық сұраныстың 30%-ын қамтитын болады. Өйткені бұл ұрпақтың заманауи нарыққа бейімділігі, дайындығы бала кезден қалыптаса бастайды. 

Айбота ЖАППАРБЕРГЕН
10.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 35
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 113
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 310
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 304
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 927

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9000
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8395
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11621
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9378
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10604