«Дамумен» кәсібін дамытқан

«Дамумен» кәсібін дамытқан

Бүгінгі таңда кәсіптен нәсібін көріп отырған жанның бірі – тараздық Жазира Әбілова. Ол бұған дейін бірнеше жыл ғимарат жалдап, дәріхана жұмысын жүргізіп келген еді.

– Қандай кәсіп болса да, оны бастау қиын. Бастаған ісіңді соңына дейін жеткізу – менің алға қойған мақсатымның бірі. Сол жолда аянбай еңбек етіп келемін. Көптен бері ойда жүрген мәселе, өзімнің жеке дәріханамды ашу болатын. Адам алдына мақсат қойса, сол мақсатына жетпей қоймайды екен. Маған бұл кәсіпті ашуда «Даму» қорының облыстағы филиалының көп көмегі тиді, – дейді Жазира.

Оның арманына қол жеткізуге деген мүмкіндік кәсібін екі жыл жалға алып жұмыс істеп келген ғимараттың сатылатындығы сеп болыпты. Ғимаратын сатпақ ойы барын айтқан нысан иесі алғашқы ұсынысты өзіне тастаған. Мұндай мүмкіндіктің бола бермейтінін түсінген Жазира жұмыс орнын сақтап қалу үшін жол іздейді. Сөйтіп, әріптестерінің айтуымен «Даму» қорына қайырылады.

Аталған қордың облыстық филиалында жан-жақты кеңес алған ол қордың жолдамасымен «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамына өтініш түсіреді. Оның өтініші «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы шеңберінде мақұлданады. Жас кәсіпкер үшін несиенің жылдық мөлшерлемесі 6 пайызды құраған.

Сөйтіп кәсіпкер қоғамдық қордың көмегімен ғимаратты сатып алып, өзінің «Абилова А.Ж» жеке кәсіпкерлігін ашып, екі жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Ол медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада сатып келеді. Сонымен қатар, халық сұранысына сай медициналық зертхана қызметін де көрсетеді.

– Бүгінгі таңда жұмыс ауқымын ұлғайтып, ғимаратты сатып алғаннан кейін денсаулық сақтау талаптарына сай франчайзингтік келісім бойынша бірқатар медициналық қызметтерді көрсетуге мүмкіндік алдым. Қазір дәріханаға келушілерге дәрі-дәрмек өткеруден бөлек, INVIVO медициналық зертханасын іске қосып, қызмет көрсетудемін. Осылайша жаңа кәсіпті жаңаша қырынан дамытып, өзімді жаңа бағытта сынап көруге бел будым, – дейді Жазира Әбілова.

 

Дияс МАРАТҰЛЫ. Тараз қаласы
28.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 231
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 444
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 407

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9104
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8502
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11730
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9495
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10711