Дәрігерге қалай кезексіз қаралуға болады?

Дәрігерге қалай кезексіз  қаралуға болады?

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы көлемінде талай реформалар қолға алынса да әлі де шаруасы шатқаяқтап, сынға көп ұшырайтын саланың бірі  – денсаулық саласы. Ұлт денсаулығын нығайту үшін медициналық-санитариялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту керек. Осы мақсатта Тәуелсіздік жылдарында республика көлемінде 1,5 мың денсаулық сақтау нысаны салыныпты. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы әлемнің ең үздік 22 клиникаларының қатарына енсе, Ұлттық нейрохирургия орталығы Орта Азиядағы көшбасшы орталықтардың біріне айналған. Республиканың барлық жетекші стационарлары күрделі операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жабдықтармен жарақталған. Қазір елімізде 7 мың амбулаториялық-емханалық ұйым жұмыс істейді. Ресми ақпаратқа көз жүгіртсек, қыруар шаруаның атқарылғанына куә боламыз. 

Бірақ халық арасында қарапайым медициналық көмек алудың қиындығын айтып етегі жасқа толатындар қатары көп. Тіпті, дәрігерге қаралу үшін кезекке тұру қиямет-қайымға айналған. Аяқасты ауырып, дәрігерге жолығайын десе, дәрігерге алдын ала жазылу керек деген жазылмаған «заң» науқастың алдын кес-кестейді. Ал қажет дәрігерге жолдама ала қояйын десе, маман дәрігер кемі бір апта, тіпті бір айға дейін арнайы алдын ала жазылған науқастан босамайтыны белгілі болады. Сондай сәтте жаны қысылған, денсаулығы онсыз да дімкәс «пациентке» ақылы қаралсаңыз болады деп ақыл айтушы да табыла кетеді. Амалы құрыған науқас қалтасындағы соңғы тиынына дейін санап беріп, қажетті дәрігерге қаралуға мәжбүр. Иә, ақылы дәрігерге қаралуға шамасы келгендер қаралар, бірақ шамасы келмейтіндер өле берсін бе?

Негізі мемлекет денсаулық саласына МӘМС жүйесін енгізіп, әрбір жұмыс істейтін Қазақстан азаматынан денсаулық үшін сақтандыру деп ақша алып отыр. Ресми ақпаратқа сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген МӘМС-ке тұрғындардың 97 пайызы жарна төлеп отыр. Ендеше неге ірі қалаларды айтпағанның өзінде, шағын  өңірлердегі халық та неге кезекке  байланысты қиындық көріп отыр? 

Халықтың шағымына кейін бе, әйтеуір жақында Денсаулық сақтау министрлігі тіс дәрігері, акушер-гинеколог және психологқа азаматтар тікелей бара алатын бұйрықтың жобасын әзірлеп жатырмыз деген ақпарат таратты. Сонымен қатар,  шұғыл көмек қажет болған жағдайда жарақат алған адамды дәрігерге жолдамасыз жіберу мәселесі де талқыланып жатқан көрінеді. Яғни, дерматовенерологиялық науқастарда онкологиялық, гематологиялық диагнозға күдік болғанда дәрігерлер жолдамасыз қабылдайды. Мұнымен қатар, азаматтар бір жағдай шеңберінде бейінді маманға қайта қабылдауға, жылжымалы медициналық кешендерге бірден бара алады.

«Мысалы есепте тұрған адам үш айдан кейін терапевтің немесе кардиологтың қабылдауына баруы керек болса, жолдама алып жүрмейді. Бірден өзіне қажет дәрігерге жазыла алады. Жаңа жүйе созылмалы аурумен есепте тұрған азаматтарға да қатысты», – деді ДСМ амбулаториялық-емханалық және жедел жәрдем басқармасының басшысы Батырхан Сарымсақов.

Министрлік мамандары қазір арнайы бұйрыққа тағы да өзге түзетулерді енгізу үшін электронды үкімет порталында мәселені қоғамның талқылауына шығарған. Егер денсаулық сақтау министрі бұйрық шығаратын болса, азаматтардың медициналық қызмет алу мүмкіндігі жеңілдемек. Сонымен қатар МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жәрдемге жүгіне алады.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
24.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 387
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 352
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 969

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9047
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8443
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11670
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9434
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10651