ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІНДЕ БОСАҢСУҒА ЖОЛ ЖОҚ»

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІНДЕ БОСАҢСУҒА ЖОЛ ЖОҚ»
Түркістан облысының аудан, қалаларында көктемгі су тасқынының алдын алу және төтенше жағдайға қарсы дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Каналдар мен арықтар тазартылып, су нысандары бақылануда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында су тасқынына қарсы іс-шаралар барысы тағы да талқыланды.
– Облысымызда төтенше жағдайдың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Соған сәйкес ұсыныстар берілуі тиіс. Апта сайын жиналып, су тасқынына қарсы жұмыстарды пысықтап отырамыз. Қауіпсіздік мәселесінде босаңсуға жол жоқ. Әрбір су нысаны мен өзен-көлдер бақыланып, алдын алу шаралары жалғастырылсын. Ең қауіпті аймақтарға, көмек қажет аудандарға қосымша техника жеткізу ұйымдастырылсын. Аудан, қала әкімдері Төтенше жағдай департаментімен бірлесе жұмыс атқарыңыздар, – деді Дархан Амангелдіұлы.
Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаевтың айтуынша, Сырдария өзенінің жағдайы бойынша бүгінге «Шардара» су қоймасына секундына 1531 текше келіп, қоймадан жалпы 1111 текше метр шығарылуда. Сырдария өзенін бақылау жұмыстары жалғасын табуда. Мұз кету үрдісі жалғасуда және су өз деңгейінде қалыпты өтуде. Облыстың аудандарында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтіліп, мәселе бақылауға алынған.
– «Қазгидромет» орталығынан ұсынылған болжамда алдағы төрт күнде жауын-шашын түсіп, ауа температурасы күндіз +12 градус, түнде +5 градусқа дейін жылынады деп күтілуде. Осыған байланысты облысымызда қар қоры болуына және тоңның жібімеуіне байланысты тасқын су қауіп тудыруы мүмкін, – деді Е.Сарыбаев.
Аппарат мәжілісінде аудан, қала әкімдері мен жауапты басшыларға әр ауыл округте қажетті қап қорын дайындап, құмға толтырып, қауіпті аймақтарға жеткізу, барлық канал, арық-атыздарға шолу жүргізіп, ағын сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету, су таситын қауіпті орындарға тәуліктік кезекшілік ұйымдастыру тапсырылды. Сонымен бірге каналдар мен арықтарды және құбырларды мұздан тазарту жұмыстарын жүргізу, мүмкіндігінше кәсіпкерлердің инженерлік техникаларын жұмылдыру, қауіпті учаскелердегі тұрғындар мен шаруаларға, демалыс орындарының иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, хабарлама беру, қолда бар мотопомпалардың дайындығын тексеріп, әзірлікке келтіру жөнінде тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
01.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541