ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды биылғы жылға жоспарланған халықпен кездесуін облыс орталығынан бастады. Ел алдында есеп беру жиынында аймақ басшысы алдымен өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, халықпен кездесулердің нәтижесімен бөлісті. Сондай-ақ өткен жылдан бері өңірде жүзеге асып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
– Ең алдымен қоғамдағы жүйелі сұрақтарды бірлесіп талқылауға өз уақыттарыңызды бөліп, бүгінгі кездесуге келгендеріңізге алғыс айтамын. Біздің ең басты мақсатымыз – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне жасаған жұмыс сапарында Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді тапсырған еді. Бұл бағытта тиісті жұмыстар басталып кетті. Бүгінде «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы дайындалып жатыр. Осы заң қабылданған соң, қала әкімдігі мен мәслихатына қосымша құзыреттер берілетін болады. Бұл тұрғындардың күрделі мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы, сауда және қызмет көрсету сұрақтары қала деңгейінде дербес шешілетін болады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Былтыр Түркістан қаласында екі есепті кездесу өткен болатын. Онда қаланың дамуы үшін маңызды мәселелер көтеріліп, басым бөлігі шешімін тапты. Әкім проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.
«Ақжайық» музыкалық мектебінде өтіп жатқан әкімнің халыққа есеп беру кездесуіне 500-ден астам түркістандық келді. Оның 100-ге жуығы – жастар. Сұрақ-жауап форматында өтіп жатқан кездесуде аймақ басшысы Түркістанның еліміздің рухани және тарихи орталығына айналу жолында жүзеге асатын маңызды шараларға тоқталып, дамудың түрлі салалары бойынша көрсеткіштерді мәлім етті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
02.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 228
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 226
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 728
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 851
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 764

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8920
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8314
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11541
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9298
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10526