Дәстүрлі экспедиция Байзақ жерінен басталды

Дәстүрлі экспедиция  Байзақ жерінен басталды

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің   «Nur Otan» партиясымен, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі және «ЕлАна» сайтымен бірлескен экспедициясы Жамбыл және Қызылорда облыстарында

Жарылыстан кейін микроинсульт алып, екі аяғы жүруден қалған Ғазиз Жартыбаевтың да ауласына аяқ бастық. Мұнда да құрылыс  жұмыстары қызып жатыр екен. Бізді алыстан таныған үй иесі «Әпке, көрдіңіз бе, мен жүрдім, міне» деп қуанышпен сүйіншілеп амандасып жатты. Олай дейтініміз, осыдан бір ай бұрын келіп кеткенімізде Сәуле Мешітбайқызына «Келесі келгеніңізде төсектен тұрып, аяғыммен жүріп қарсы аламын» деген болатын. Құрылысшыларға ризашылығын білдіріп, рахметін айтқан Ғ.Жартыбаев «енді үйдің ауласындағы кіреберіс қақпасын жөндеп берсе екен» дейді. Жарылыс кезінде темір қақпа да кәдімгідей қираған. Біз бұл мәселені аудан әкімі Б.Қазанбасовқа жеткізіп, аманаттадық.

Бұдан кейін аудан басшысы Бақыт Қазанбасовтың қабылдауында болып, ауданның жай-күйі, жарылыстан зардап шеккен елді мекендердегі жұмыс барысына қанық болдық. Сондай-ақ Бақыт Алпысбайұлымен жазылым мәселесі бойынша сөйлесіп, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеуге уағдаластық. 

Байзақтағы бүлінген 12 кәсіпкерлік нысанның бүгінде үшеуі жөнделіп, қайта жұмысын бастаған. 9 нысанда құрылыс жұмыстары қызу жалғасуда.

Қайта жаңғыртудан өткен үйдің барлығы бір сәулеттік үлгіге келтірілген. Қасбеті сарғыш, іргетасы қызыл түспен боялып, шатыры қызыл жабындымен жабылған.

Қайнар ауылындағы көшелер толық жарықтандырылды. Электр желісі мен бағаналары жаңартылған. Асфальт жабыны бұрын орталық көшеде ғана болса, енді барлық көше асфальтталады.

– Облыс әкімі барынша әлеуметтік қолдауларды ұйымдастыруды тапсырған болатын. Осы тұрғыда ауылдағы әлеуметтік осал топтағы отбасыларды газбен қамту жұмыстары жүзеге асуда. Толығымен орталықтандырылған таза ауызсумен қамтылды. Әлеуметтік көмек ретінде біздің тарапымыздан зардап шеккен әр отбасыға 300 мың, кәсіпкерлер тарапынан 200 мың теңгеден көмек көрсетілді. Әр оқушы балаға 50 мың теңгеден берілді. Сонымен қатар «Сенім Байзақ» қорына түскен қаржы есебінен тұрғындардың қора-қопсысы қайта қалпына келтірілуде, – деді Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстарына 12 мердігер, 200-ге жуық құрылысшы мен 22 техника жұмылдырылған.

Осыдан екі-үш күн бұрын ғана ауылға келіп кеткен облыс әкімі Б.Сапарбаев қалған 11 үйдің жұмыстарын қараша айына дейін толығымен аяқтауды тапсырып, аудан басшылығы мен мердігерлерге нақты міндеттер жүктеген екен.

Ал Жібек жолы ауылында 150 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Құрылысшылар екі қабаттан тұратын ғимараттың іргетасын құйып, бірінші қабаттың қабырғасын қалау жұмыстарын бастап кеткен.

– Құрылыс жұмыстары барлық бағытта, бір мезгілде жүргізілуде. Бір бригада алғашқы қабаттың кірпішін қалауға кірісіп кетсе, енді бірі монтаждау, келесі топ дәнекерлеу жұмыстарымен айналысуда. Құрылыс басында 95 құрылысшы жұмыс істеуде. Олардың 25-і осы елді мекеннің тұрғындары. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталған. Жалпы нысанды желтоқсан айының соңында тапсырмақ ниеттеміз. Құрылысқа негізінен жергілікті құрылыс материалдары пайдаланылуда, – дейді мердігер компания «Сырым Белеке» ЖШС директоры Елмұрат  Күнібеков.

Осылайша Жамбыл облысына жасаған экспедициямыздың алғашқы бастамасы Байзақ жерінен басталды. Бұдан кейін Қордай ауданында болып, Әлжан ана, Степной, Жамбыл, Ауқатты және Қаракемер ауылдық округтеріне барып, әкімдерімен жолықтық. Алдағы айда тағы да бірнеше ауданды аралау жоспарда бар.

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
28.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 196
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 26
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 211
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 211
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 228
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 211
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 199
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 194
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 217
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 207
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 215

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10492
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9471
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12707
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11677
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16689