Дауыс берушілер легі артып, сайлау учаскелеріне келушілер көбейіп келеді

Дауыс берушілер легі артып, сайлау учаскелеріне келушілер көбейіп келеді

Таң атып, күн көтерілген сайын сайлау учаскелеріндегі дауыс берушілер легі толастар емес. Дауыс беру бүкіл елді қамтып, сайлау жәшіктерінің жанындағы үйреншікті көріністермен қатар, бұл күнге ерекше реңк беретін оқиғалар да орын алуда.

Ал шетелде дауыс беру бұдан да ертерек басталды. Жергілікті уақыт бойынша алғашқы болып Сеул мен Токиодағы сайлау учаскелері ашылды.

Ал Алматы облысында сайлау отбасылық шеруге ұласты. Жамбыл Жабаевтың 30-ға жуық ұрпағы ақынның әдеби-мемориалдық музейінің алдына жиналып, сайлау учаскесіне бірге жаяу барды. Сайлаушыларды халық күйлерін орындаған домбырашылар сүйемелдеді, ал ақынның шөберелерінің киімінде «Жамбыл – 180 жыл» деген жазу болды.

Десе де бүгінгі таңдағы ең ерекше оқиғалардың бірі Ұлытау облысында тіркелді. 

Қызылжар ауылының 116 жастағы тұрғыны, елдегі ең қарт кейуана Түймегүл Темірбаева да өз таңдауын жасады. 1910 жылы дүниеге келіп, бір ғасырдан астам ғұмыр кешкен ол Құрылтай депутаттарын сайлауға алғаш рет қатысты.

Сағат өткен сайын мұндай оқиғалар көбейіп, сайлаушылар легі артып келеді.

23.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27151
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26651
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43985
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39740
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44323