«Denis Ten Memorial Challenge 2021» турнирі аяқталды

«Denis Ten Memorial Challenge 2021» турнирі аяқталды

Мәнерлеп сырғанаудан Нұр-Сұлтанда 28-31 қазан аралығында өткен «Denis Ten Memorial Challenge 2021» II Халықаралық турнирінің қорытындысы шықты. Жарысқа 16 елдің спортшылары қатысты. Турнирдің төрешілер құрамына ISU Халықаралық Федерациясының жоғары санатты 36 төреші кірді. Жарыс «Барыс Арена» мұз сарайында өтті. Мәнерлеп сырғанаудан «Denis Ten Memorial Challenge» Халықаралық турнирі халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) қолдауымен «Challenger» сериясының жетінші кезеңі болып табылады. Спорттық жарыстар осымен екінші рет өткізіліп отыр. Шараны Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Денис Тен қоры» ұйымдастырды. Жарыс жасөспірімдер мен ересектер арасында жеке және жұптық сырғанаудан, сондай-ақ мұз үстінде билеуден өткізілді. Турнирге 16 елден спортшылар қатысты, қатысушылар қатарында 2021 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері, 2022 жылғы Пекинде өтетін Олимпиада марапаттарына үміткерлер бар. «Denis Ten Memorial Challenge 2021» спорттық іс-шараның қонақтары қатарында Олимпиада чемпиондары, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері Алексей Урманов, Анжелика Крылова, Сергей Давыдов, Федор Климов сынды атақты спортшылар болды. Жарыс нәтижелері келесідей:

Ерлер, жекелеген разряд: 1. Петр Гуменник (Ресей); 2. Марк Кондратюк (Ресей);  3. Андрей Мозалев (Ресей).

Әйелдер, жекелеген разряд: 1. Виктория Сафонова (Беларусь); 2. Екатерина Рябова (Әзербайжан); 3. Анастасия Шаботова (Украина).

Мұзда билеу: 1. Анастасия Скопцова / Кирилл Алешин (Ресей); 2. Александра Назарова / Максим Никитин (Украина);  3. Елизавета Худайбердиева / Егор Базин (Ресей). 

Жарыс атақты мәнерлеп сырғанаушылар мен олардың шәкірттерінің қатысуымен өткен гала қойылыммен аяқталды. Іс-шара барлық санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді.

Ермек Сахариев
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 99
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 109
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 202
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 202
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 568
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 515

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9218
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8614
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11840
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9610
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10823