ДЕПУТАТТАР ҮНСІЗ ҚАЛМАДЫ

ДЕПУТАТТАР ҮНСІЗ   ҚАЛМАДЫ

Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова айлық есептік көрсеткіштен бас тартуды ұсынды. «Тәуелсіздік кезінде енгізілген айлық есептік көрсеткішті (АЕК) пайдаланып отырмыз. Иә, бұл жоспарлауға ыңғайлы болуы мүмкін. Бірақ АЕК экономикаға да, жалақыға байланысты емес», – деген ол сөзін былай өрбітті: «Біз кедейлікті әлі жеңе алмай отырмыз. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, қазақстандықтардың 15%-ы кедей. Ресми статистика бойынша, халықтың 5,1%-ы күнкөріс деңгейінен төмен табыспен өмір сүреді», – деді.

Мәжіліс депутат Еділ Жаңбыршин үкімет сағатынан кейін өз ойын былай білдірді:  «Мен өз кезегімде жұмыссыздыққа қатысты сұрақтарымды қойдым. Бірақ министр мен вице-министрлерден тұшымды жауап ала алмадым. Тамара ханымның сөзінен түсінгенім барлық мәселені электронды платформаға көшіріп, жаңа инструменттер қолданылмақ. Бірақ, менің түсінігімде мәселе тек цифрландырумен ғана емес, жұмыссыздармен жұмыс жасауда қалыптасқан жүйені өзгертетін, жаңа әдістерді іске асыру қажет сияқты. Сонымен қатар әлі күнге шейін аудандар мен ауылдарда интернет өте әлсіз, ал кейбір қалаларда интернет жылдамдығы төмен. Сонда ұсынылып отырған цифрлық платформалар халыққа қолжетімділігі қалай болады?». 

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетін сынап, аталған ведомствоны «халық үніне құлақ асатын емес, ұйықтап жатқан мемлекетке» теңеп жіберді. Кодекс жобасын талқылау барысында Ерлан Сайыров министрліктің Қазақстан қоғамында жанжал туғызатын бір проблемалық бағыты арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін субъектілер қызметінің мәселесі екенін атап өтті. Депутат бірнеше мысал келтірді. Айтуынша, осы жылдың сәуірінде жаңалықтар легі Қарағанды қарттар үйінде, тамыз айында Шығыс Қазақстанда жымқыру туралы жаңалықтарға толы болған. Ал жақында Абайдағы қарттар үйінде жымқыру туралы жаңалықтар, оның қызметкерлері «Қазпошта» қызметкерлерімен бірге бес жыл бойы басқалардың ақшасын иемденіп келгені тағы белгілі болған.

«Әлеуметтік кодекс жобасында әлеуметтік қызметкерлерді аттестациялау нормалары, олардың тізілімі жүргізілетінін көріп отырмыз. Бірақ әдетте әлеуметтік қызметкерлер жай ғана орындаушы. Ал олардың басшыларына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Неге әлеуметтік кодексте медициналық-әлеуметтік мекемелердің басшыларына, қызметкерлеріне қойылатын міндетті талаптар, сондай-ақ оларды аттестациялау және ауыстыру енгізілмеген? Олар бір мекемеде 15-20 жылға дейін жұмыс істейді. Мұндай мекеме басшыларының сапалы кадрлар құрамын арттыру бойынша қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұдан басқа министрліктің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті мұндай жағдайларды болғызбас үшін не істеп отыр? Шыны керек, бұл құлақ асатын емес, ұйықтап жататын мемлекет тәрізді», – деді Ерлан Сайыров.

Бұл сұраққа жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова депутат айтқан мәселе барын, «оны мойындайтынын» жасырмады. Министрдің айтуынша, Қазақстанда 103 ірі медициналық-әлеуметтік мекеме бар. «Уақыт өте келе қазір үлкен интернаттарды демонополияландыруға алып келуге тура келеді. Сондықтан, ең бірінші кезекте, нормативтерді енгізу, сол нормативтер аясында жеке секторды шақыру көзделеді. Бізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 43 пайызы ауылда тұрады. Оларға қызметтердің көбі әлі жетіп жатқан жоқ. Сондықтан соларға жеткізу мәселесін қарап отырмыз», – деді министр.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 16
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 11
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 4
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 151
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 333
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 957

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9033
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8429
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11657
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9412
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10638