Кеше облыстық сайлау комиссиясында Жамбыл облысы мәслихатының VIII шақырылған депутаттарына депутаттық куәліктері мен омырауға тағатын белгісін тапсыру іс-шарасы
өтті. Жиынды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ашып, жүргізіп отырды.
2023 жылғы 19 наурызда елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 14-бабының 9-тармақшасына және 112-бабына сәйкес, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 28 наурызда комиссия отырысының қаулысымен партиялық тізімдер бойынша 18 депутатты және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 18 депутатты облыстық мәслихатқа депутат ретінде тіркеді.
Барлығы 36 депутат тіркелді. Оның ішінде тіркелген алты саяси партияның партиялық тізімдері бойынша 18 депутат («Amanat» партиясы – 12, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 1, «Ауыл» – 1, Қазақстан Халық партиясы – 1, «Respublica» – 2 және «Байтақ» – 1) және 18 депутат бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов облыс мәслихаты депутаттарының жұмысына табыс тілей отырып, депутаттық куәліктері мен Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі омырауға тағатын белгісін табыс етті.