Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі С. Ертаевтың

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжановқа депутаттық сауалы

 

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

 

Депутаттық сауалға Түркістан облысының білім беру саласындағы проблемалық мәселелер себеп болды. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері облыстардың білім басқармаларына есеп береді және бақылауында болады.

Бұдан басқа, бюджеттік жоспарлау саласында білім беру объектілерін ұстауға және салуға арналған шығыстар бөлігінде басқарудың жаңа форматы аудандық деңгейден облыстық деңгейге енгізілді.

Осылайша, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері өздерінің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің аумағындағы білім беру жүйесінің проблемаларынан шеттетілді. Облыста 951 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейтінін, онда 508 637 бала оқитынын ескеру қажет.

Жоғарыда аталған жаңалықтарды іске асыру нәтижесінде мынадай жүйелі проблемалар туындады.

Біріншіден, ҚР-ның Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін аудандық әкімдіктер тапсырыс берушілері болып табылатын мектептердің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2021 жылы облыстық құрылыс басқармасының теңгеріміне берілді. Бұл мектептерді беру 2021 жылғы тамызға дейін созылды, бұл құрылыс мерзімдерінің ұлғаюына және ағымдағы жылы 200 мектеп  салу бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының бұзылу қаупінің мүмкін болуына алып келді.

Екіншіден, Адами әлеуетті дамыту басқармасына (бұдан әрі – Білім басқармасы) аудандарда орналасқан білім беру объектілерін басқару бойынша үлкен жүктеме түсті, нәтижесінде білім беру процесінің сапасын бақылау әлсіреді.

Реформа енгізілгенге дейін, шаруашылық қызметтің мәселелерін бірлесіп жедел шешу мақсатында білім беру ұйымдарының басшылары аудандық әкімдіктерге жүгінді, олар елеулі қолдау көрсетті, оның ішінде жергілікті бюджеттерден және ведомстволық бағынысты ұйымдардың күш-жігерімен қолдау көрсетілді. Реформа енгізілгеннен кейін облыстың Білім басқармасына білім беру объектілерін ұстау (жөндеу, ұстау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.б.) бойынша оларға тән емес функциялар берілді.

Мектеп директорларына ағымдағы шаруашылық қызметті үйлестіру (қысқы кезеңге дайындық және т.б.) жүктелді.

Қазіргі уақытта осы мәселелерді шешу үшін білім беру ұйымдарының басшылары облыстық білім басқармасына жүгінуге мәжбүр, ал облыстық ведомствоның құзыретіне шаруашылық мәселелерін шешу жөніндегі функциялар кірмейді. Мысалы, облыстың көптеген аудандарында орталық кәріз жүйесі жоқ, мектептердегі санитарлық тораптар жыл бойы қызмет көрсетуді талап ететін септиктерге қосылған, ал мектептерді күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге көзделген қаражат білім басқармасының бюджетінде, осылайша білім беру басқармасы білім беру процесінің сапасын арттырудың орнына мектептердің ұсақ тұрмыстық мәселелерін шешумен айналысуға мәжбүр.

Нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген фактілер білім беру объектілерінде уақтылы қызмет көрсетуде және қажетті жағдайлар жасауда көрініс табатын жүйелі проблемаларға алып келді.

Осы реформалардың нәтижесінде, мысалы, Сауран ауданында ағымдағы және күрделі жөндеуді талап ететін  45 мектептің 35-і бойынша қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ. Осындай жағдай Түркістан облысының басқа аудандарында да орын алған.  Басқа облыстарда да  осындай жағдай.

Жоғарыда айтылғанның негізінде қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге елеулі түзетулер мен өзгерістер енгізу қажет деп санаймыз.  

Білім беру процесін білім беру басқармасына, ал білім беру ортасын аудандық және қалалық әкімдіктерге өткізіп, білім беру процесін білім беру ортасынан бөліп, осы процесті барлық облыстарда пилоттық режимде іске қосу қажет.

Бөліну нәтижесінде білім беру процесіне қатысушылар (әдіскерлер, педагогтар, білім беру ұйымдарының басшылары) балаларды оқыту бойынша өздерінің тікелей функционалдық міндеттерін жүзеге асыратын болады, бұл білім беру сапасын арттыруға әкеледі. Бұл ретте аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына жауап беретін қажетті білім беру ортасын қалыптастыра алады

09.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 134
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 167
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 134
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 281
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 496
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 454

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9152
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8551
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11778
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9546
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10758