Қазақстан Республикасы Премьр-министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа
2022 жылғы мамырда жарияланды
Депутаттық сауал
Құрметті Ералы Лұқпанұлы!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұқаралық спорт және мәдениетті дамытуға жағдай жасау тапсырмасына байланысты2021 жылдың 1 мамырынан бастап, жергілікті атқарушы органдар балаларды мәдениет және спорт бағытындағы қосымша біліммен, спорт және шығармашылық үйірмелер үшін мемлекеттік тапсырыстың жан басына шаққандағы механизмін жүзеге асыра бастады. 2022 жылдан бастап аталған екі бағыттан басқа білім және ғылым бағытындағы үйірмелерге де мемлекеттік тапсырыстар орналастырылуда. Бұл – өскелең ұрпақты жан-жақты дамытуға, адами капитал сапасын арттыруға бағытталған жақсы шешім.
5,8 млрд қаражат қарастырылған. 1523 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымында 1.1 млн. бала үйірмелерге қатысады. Жалпы 2022 жылы қосымша білім берумен қамтылған балалар 2 461 775 баланы құрайды. Оның 43,68% – 1 502 951 қалада тұратын балалар, 26,7 % – 958 824 ауыл балалары.
Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде балалар үшін қарастырылып жатқан осы қаражаттардың игерілуі жайында керағар ақпараттар бар. Мақсатты қарастырылған қаражаттың жұмсалуына сенімсіздік білдірген ата-аналар да көптеп кездеседі. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысты алып отырған заңды тұлғалардың көпшілігі сол мемлекеттік тапсырысты орналастырушы органның қызметкерлерінің туысқандары, таныстары екенін де жиі айтады. Оқушыларды формальді түрде тіркеп қойып, мемлекеттік тапсырысты талан-таражға салуға жол берілмеуі тиіс.
Келесі ұсыныстарды енгіземіз:
Осы депутаттық сауалға жауапты заңнамада көрсетілген мерзімге сәйкес жазбаша беруіңізді сұраймыз.
Құрметпен,
депутат, «AMANAT» партиясы
Фракциясының мүшелері А. Әлтай
Ж. Сүлейменова