Деректі сөзін айта алған...

Деректі сөзін   айта алған...

Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында өлке халқына танымал біртуар тұлғалардың бірі, азулы би Құлыш Түменбайұлының  туғанына 215 жыл толуына орай «Деректі сөзін айта алған, Түменбайдың Құлышы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Басқосуға дала кемеңгері,  аузы дуалы, сөзі өтімді Құлыш бидің ұрпақтары, би туралы толымды туынды жазған танымал қаламгер Сәбит Әбішұлының қызы Шарапат апа, зиялы қауым өкілдері, мектеп шәкірттері мен жоғары оқу орындарының студенттері атсалысты. 

Алдымен Бақтыбай Жайлаудың Құлыш би туралы деректі фильмі көрермен назарына ұсынылып, әйгілі тұлғаның өнеге-тағлымы мол өмірі мен шығармашылық  мұрасы өрелі әңгіменің арқауына айналды. Құлыш бидің қайраткерлік тұлғасын ірілендіре түсетін қасиеті жайлы Сәбит Әбішұлы  «Даңұлы Түменбайдың отбасында өмірге келген Құлыш жеті жасында Әлім Аққұлы бидің аузына түйінді сөз салып, жылқылы байлар Өте мен Бегалының арасындағы дауды шешкен. Құлыш ата қоныс – жер мен мал дауының адайлар мен түрікмендер арасындағы дауда қарсыласы Жапақсарыны жеңіп, 1000 түйе олжамен оралған адам. Иса-Досан көтерілісі жеңілгеннен кейін патша үкіметінің шақыруымен Петербургке барған, көптеген жеңілдіктер алып, келісім жасасқан есен Ерменбет, шоңай Құлыш би, ақбота Қабыл, беріш Бердалы екеніне тарих куә. 1874 жылы Маңғыстау болысына басқарушы болды. Ол алғашқылардың бірі болып өз қаржысына Жыңғылдыдан медресе, мешіт салып, елді сауаттандыруға атсалысқан ағартушы, мәдениеттің ұрығын себуші. Маңғыстау топырағынан патша үкіметінің арнайы рұқсатымен тұңғыш рет Мекке, Мединеге сапар шегіп, қажы атанып елге оралған. Бейіті Жыңғылдыдағы «Сарытөбе» қауымында. 

Бүгінде Құлыш бидің мешіті тұрған жер кеңейтіліп, қазіргі заманға лайық мешіт үйі тұрғызылған» деп баяндайды. Сондай-ақ келелі кездесуде Құлыш бидің туған жер тұтастығы мен  туған халықтың болашағын көксеген кесек бітімді күрделі тұлғасы жайлы көшелі пікірлер айтылды. «Қазақ үшін Құнанбай да бір жалғыз, Құлыш би де бір жалғыз. Екеуі де қырық жылдай ел басқарды. Екеуі де Мекке барып, қажы атанды. Мешіт, мектеп ашып, молда жалдап, бала оқытты. Сонау Кеңгірбай биден бері қарай уызы арылмаған, биліктен қолы кетпеген жеті мың жылқысы бар Құнанбайды Өтенің жылқышысы – жалшы жетпіс жылқылы Құлыш бимен қатар әңгімелегенде олардың атқарған істерін байлығы арқылы бағаласақ, ол әділдікке келмейді. Құлыш би сол жетпіс жылқымен жүріп-ақ, елге салмақ салмастан, біреуден қара тиын алмастан бар шаруасын бітірген. Әңгіме мешіттің түрі-түсі мен күмбезінің санында емес, өз халқына, Аллаға деген азаматтық ақ ниетінде, адал жүрегінде. Міне, бізді мазалайтын да осы тұс. Құнанбай жөнінде талай дүние айтылды, жазылды. Ал, Құлыш би туралы қалам тартқан пенде жоқ.

Ол ұмыт болуға айналды»,- деп толғанған жүрдек қаламгер Әбіш  Сәбитұлы айтқандай алдағы уақытта ділмар-шешеннің, көкірек-көмбесі халықтық қазынамен көмкерілген көреген қайраткердің тұлғасын терең зерделей түсу - келер ұрпақтың міндеті. Танымдық кездесуде  дәстүрлі ән-күйлер әуелеп,  мәдени басқосуға жиылған қауым рухани тұрғыдан серпіліп қалды.

 

Голрох Жеменей
19.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 231
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 444
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 407

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9104
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8502
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11730
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9495
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10711