Димаш, Гена және төрткүл әлем

Димаш, Гена және төрткүл әлем

Қазақстан әнұраның орындаған Димаш бүкіл әлемді таң қалдырды. Шетелдік БАҚ пен шетелдік көрермен Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес жекпе-жегіндегі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнерін назардан тыс қалдырмады. Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтті және 12 раундқа созылды. Шетелдік көрермен мен Желі қолданушылары Димаштың орындауындағы Қазақстан Әнұранына тәнті болып, оның өнерінен кейінгі әсерлерін бөлісті. Мексикалық бұқаралық ақпарат құралдарында «Канело - GGG: Қазақстан Әнұранын кім шырқады» деген мақала жариялады. Мақала авторлары қазақстандық әншінің өнерінен кейін, Twitter желісінде мексикалықтар арасында жаңа тренд пайда болғанын атап өтті. Мексикалық желі қолданушылары Димаштың өнеріне тәнті болғанын атап өтті. Испанияның белгілі “Marca”спорт басылымы «Димаш Құдайберген Қазақстан Әнұранын әсерлі орындап шықты» деген мақала жариялады. Олар әншінің дауысы аренаға жиналғандардың бәрін таңғалдырғанын атап өтті. Портал ән орындалған соң бәрі өнер иесіне ду қол шапалақ ұрғанын жазады. Әншінің Коста-Рикадан келген жанкүйерлері де оның өнерін назардан тыс қалдырған жоқ. «Димаш, біз сені жақсы көреміз» делінген олардың жазбасында. Осылайша бүкіл әлем қазақтың әнұранына тәнті болып отыр.

Димаш Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласында көптен күткен жаңа концертін алғаш рет өткізеді. Әртіс өзінің туған жерінде сүйікті Dears-пен кездесуді асыға күтеді. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Алматы қаласының орталық стадионында өтеді. 50 елден жанкүйерлері келеді. 

Ермек Сахариев
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 43
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 21
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 12
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ» ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН БІЛІКТІ КАДРЛАР ШАҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 14
СОЗАҚТА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 210 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 20

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1512
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7547
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11424
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7587
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7747