Димаштың әні әлемді тәнті етті

Димаштың әні әлемді тәнті етті

Ерекше дауысымен әлемді аузына қаратқан Димаш Құдайбергеннің осымен екінші рет Түркияда жеке концерті сәтті өтті. Қазақтың маңдайына біткен шоқжұлдызының 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған, үш сағаттан астам уақытқа созылған өнерін түрік елі лайықты бағалады. Отандық жанкүйерлермен бірге Qaz365.kz тілшісі де өнерпаздың концертінен репортаж жасауға Стамбулға аттанған еді. 

Өнерсүйер талай жанды тәнті еткен Димаштың кеші ерекше форматта өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен  жанкүйерлері де көп жиналды. Димаш Бурак Йетермен бірге сахнаға шыққанда, стадионға жиналған түрік тыңдармандар ду-дулап, айғай-шумен  ұзақ шапалақ соқты. Кеш барысында Димаштың Игорь Яковлевичпен бірге ерекше шығармашылық үйлесімді көрсеткен «Stranger» туындысы сахнаның көркін аша түсті. Ал танымал түрік музыканты Халук Левентпен бірге «Gesi Baglari» әнін орындағанда, хард-рокер мен классикалық жанрдың әдемі тандемі сахнаның сәнін аша түсті. Өмірге деген көзқарас, адамның ішкі жан дүниесі туралы терең философиялық ән тек түріктерді ғана емес, шетелдік тыңдармандарды да тебірентті.

Стамбулдағы концертінде кештің арнайы мейманы болып таңдалған композитор Халук Левент мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, гитарасын сыйға тартты.

Әйгілі «Бешикташ»  стадионында, ашық аспан астында өткен жеке концерттің бағдарламасы келген тыңдарманның қай-қайсысын да ерекше әсерге бөледі.

Димаштың диапазонының кеңдігі – оның регистрлік мүмкіндігін, өзіндік бояуын, ырғағын, амплитудасын, тональдік ерекшеліктерін көркем етіп, құлақтың құрышын қандырды. Міне, қазақтың өнері, қазақтың үні, қазақ даласында өскен қарапайым қазақ баласының дауысының күші 40 мың жанкүйерді Стамбулда тоғыстырды. Бас шайқап, таңданбау мүмкін емес. Әсіресе, қазақ елінің атынан оны қолдап келген жақындары, достары, әріптестері, сүйікті тыңдармандарының ел намысы мен өнерін биіктетіп, қос елдің көзайымына айналғанын өз көзімен көруі қандай бақыт?!.

Төрт октавамен шырқайтын ол, жеке концертінде өте жоғары нотаны ұзақ ұстап, шарықтау шегіне жеткізді. Халықаралық деңгейге көтерілген Димаштың өнеріне әлі талай тебіренеріміз анық.

Қарапайым қазақ баласының шет мемлекетте өз елінің туын биікке көтеріп тұрып: «Ағылшынша, түрікше сөйлеп, ән айтсақ та, өз отаным, тілім, жұртым бар. Шаңыраққа қарап, менің тілеуімді тілеп келген жақындарыма, әріптестеріме, достарыма, қазақ еліме ерекше тағзым» деп, көк байрақпен стадионнан ары-бері жүгіріп, кең тыныстап, ұзақ көтеріп тұрды.

Қазақстаннан келген делегация бұл сәтте көздеріне еріксіз жас алды. Себебі Димаштың өнерімен қазақ танылды. Димашқа қарап қазаққа баға берілді! Өнерің өрлей берсін, Димаш! Сен Қазақ елінің мақтанышысың!

 

Айдана САНАТ
30.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 23
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 40
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 14
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 19
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 24
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 21
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 40
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 254
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 251
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 873

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8947
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8341
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11567
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9325
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10551