Дініміз нағыз өмірмен ұштасқанда ғана шырайлы

Дініміз нағыз өмірмен   ұштасқанда ғана шырайлы

Жап-жас имам жігіттің ас кезінде айтылған мына сөзі біраз жұртшылықтың көкейінен шықты деп ойлаймын. «Дін, иман ауа тәрізді өте қажет екені бесенеден белгілі. Ал онымен бар тіршілігіңді ұмытып таңнан кешке дейін, түнімен айналысып, әсіредіншіл болуды Аллам құптамайды. Мұны тек мен ғана емес, діни ғұламалар бұрын да айтып кеткен. Себебі елімізге небір мамандық иелері керек. Экономикамызды өркендетуіміз қажет. Егер бәріміз бар жұмысты ысырып қойсақ, онда ол қажеттіліктер өзінен-өзі орындалмайды», –  деді ол. 

Бұлайша қарасаң, күнделікті айтып жүрген ой сияқты. Қазір шүкір, асыл дінімізбен сусындайтын жастарымыздың қатары көбейді. Жұмадан қалмайды, намазын оқиды, тарауих намаздарын тастамай, ораза ұстайды. Бірақ олардың дені сол ауқымнан шыға алмай қалған сияқты. Әдеби кітап оқу, ғылым, білім, ілім жайында сауал қойсаң, жауап бере алмай қиналып кетеді. Яғни ол жағынан мақұрым. Шынында да, ол өмірлік салаларды кім дамытады, біз бұл түрімізбен қалай дамыған елдердің қатарына тұра аламыз? Меніңше, жастар жан-жақты білімді болуы тиіс. Бәріне де үлгеруіміз керек.

Биыл, өздеріңіз білесіздер, әз-Наурыз бен қасиетті Рамазан елімізге қол ұстасып келіп, өмірімізді шырайлы етіп жатыр. Қазақ – ырымшыл халық. Мұны жақсылыққа жорып жатырмыз. Жемқорлар жойылып, мемлекетіміз тазарып, еліміз қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заманға тезірек жете ме деген үміт оянғандай. Өткен жұма күні Рамазан айының екінші күнінде намаз кезінде «Байкен» мешітінде (Алматы қаласы) имам уағыз айтты. Рамазан айы туралы, жан дүниенің байлығы жөнінде әп-әдемі әңгіме шертті. Алайда әз-Наурыз жайлы ләм-мим демеді. Ең болмаса төл жаңа жылымен қалың елін құттықтап, ол туралы айта кету керек еді. Біздің бабаларымыз ислам дінін қабылдағанда салт-дәстүрлерімізге оның нұқсан келтірмеу жағына көңіл аударғанын жақсы білеміз. Біздің салт-дәстүрлеріміз, Наурызымыз бен Ислам діні бір-бірін толықтырады. Меніңше, уағыз айтар имам жан-жақты білімді болуы тиіс, еліміздегі оқиғалардан құлағдар болып, оны дінмен ұштастырып, байланыстырып отырса, қанеки!

Жемқорлық қазір де елімізді жайлап отыр. Жемқор басшылар жеуін тоқтатар емес. Дін – ақиқаттың жаршысы. Имамдар неге жемқор басшылар жөнінде айтудан қорқады? Бәлкім қателескен шығармын, бұл жөнінде уағыз айтқан имамды естімеппін. Рамазан айының алдында еліміздің бас мүфтиі үндеу жариялады. Кәсіпкерлерден заттардың бағаларын  Рамазан айында 10 пайызға төмендетуді өтінді, арақ-шарап ішуді тоқтатып, оны дүкендерде сатпауды айтты. Бұл мәселені мүфтият жылда айтады. Бірақ, өкінішке орай, одан нәтиже жоқ. Арақ-шарап сатылып, ішіліп жатыр. Бағаны төмендеткен кәсіпкерлерді көрмеппін. Әлбетте, бұл – халқымыздың басты кемшілігі. Тыңдалмаса, орындалмаса, сөз жетім. Бас мүфти бұл мәселені неге Мемлекет басшысымен келісіп іс жүзіне асырмайды? Немесе басқа насихат жұмыстарын халықпен етене сөйлесу арқылы неге жүзеге асырмайды? Сұрақ та көп, көкейтесті мәселе де көп. Біздіңше, жаңа, әділетті Қазақстан осы мәселелерді бірлесе отырып шешпесе, онда ешқашан ол орнамайды. Осы жағына көңіл аударайықшы, ағайын!

 

ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 101
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 45
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 96
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 101
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 289
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 911

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588