"Дипломмен - ауылға!": Қарағанды облысында бағдарламаға қатысушыларға қандай қолдау көрсетіледі

"Дипломмен - ауылға!": Қарағанды облысында бағдарламаға қатысушыларға қандай қолдау көрсетіледі

Қарағанды облысында биыл ауылдарға жұмысістеуге келген 123 жас маман тұрғын үй сатып алуүшін бюджеттік несиелерді пайдаланды. Қолдауқаражатын 290 адам алды. Қаржы мүмкіндіктері"Дипломмен - ауылға!" бағдарламасының жаңақатысушыларын қолдауға жол ашуда.

Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбектіңтөрағалығымен өткен Жастар ісі жөніндегі кеңестеайтылды.

- "Дипломмен-ауылға!" бағдарламасы 2009 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Облыс бойыншабарлық кезеңде 4 700-ге жуық маман көтермежәрдемақы, 2 400-ге жуық маман тұрғын үй сатыпалуға бюджеттік несие алды. Олардың көпшілігімұғалімдер мен медицина қызметкерлері. Сондай-ақ, мәдениет, спорт, АӨК мамандары, ауыләкімдіктерінің жас қызметкерлері, - деп хабарладыэкономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева.

Қазіргі уақытта көтерме жәрдемақы 306 300 теңгені құрайды. Тұрғын үй сатып алуға қарызбойынша сыйақы минималды – жылдық 0,01%, ал несие сомасы – шамамен 4,6 млн тг.

Кеңес отырысында жастар кәсіпкерлігін қолдаутуралы да айтылды. Сондай-ақ, жастар ресурстықорталықтары жұмысының тиімділігі талқыланды. Облыс бойынша бүгінде осындай 13 орталық бар, олардың жетеуі аудандарда жұмыс істейді.

- Мүмкіндігінше жастар барлық мемлекеттікбағдарламалар мен қолдау тетіктері туралы білулерікерек. Белсенді түрде хабарлаңыздар жәнетүсіндіріңіздер. Жұмыссыздарға және NEET-жастарға ерекше көңіл бөліңіздер, - деп атап өттіЖеңіс Қасымбек.

Жомарт Шаймұрат
26.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28047
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27529
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44905
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40559
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45214