«Достық үйінде» жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, жастармен өзара іс-қимылды кеңейтуге басымдық беріледі

«Достық үйінде» жалпыұлттық бірлікті нығайтуға,  жастармен өзара іс-қимылды кеңейтуге басымдық беріледі

Астана қаласының Достық үйі елорданың басты мәдени және рухани орталықтарының бірі болып табылады. Мұнда халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі.

Достық үйі отбасылық және рухани құндылықтар арқылы жалпыұлттық бірлікті нығайтуды, жастармен өзара іс-қимылды кеңейтуді, ғылыми-сараптамалық әлеуетті арттыруды жүйелі түрде жүзеге асыратын алаңға айналды. Оның бас шаһардың саяси-қоғамдық өміріне белсенді қатысуы еліміздегі бірлік пен өзара құрмет рухының көрінісін айқындай түседі. Жақында жоғары оқу орындарындағы этномәдени бірлестіктер күні аясында қалалық Достық үйінің өкілдері Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің студенттері мен оқытушыларымен кездесу өткізді. Жиын барысында спикерлер еліміздің ең басты құндылығы – ынтымақ пен бірлік тақырыбында әңгіме қозғап, елордалық Достық үйінің қызметі жайлы баяндады.  «Отрада» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Ольга Доценко, «Хазар» этномәдени бірлестігінің жастар қанатының төрағасы Симара Гусейнова және неміс жастары клубының белсендісі Анастасия Киреева өз ұйымдарының жұмысы, мәдени бастамалары мен жастарға арналған мүмкіндіктер туралы айтып берді. Сондай-ақ студенттердің назарына Достық үйінің қызметін бейнелейтін фотокөрме ұйымдастырылды. Ал іс-шара соңында этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжымдардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

«Достық үйінде» өткізіліп жатқан іс-шараларға куә болдық. Бәрі де ел игілігі үшін жасалуда. Жастар қарасы көп. Зиялы қауым да осы жерде жүр. Көкейдегі көп сауалға жауап іздеп Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінің жетекшісі Арман Джанеев мырзаға бірнеше сауал қойдық.

– «Достық үйінде» көптеген жиындар өткізіліп жатады. Басым бағытқа тоқталсаңыз? Негізгі мақсат-мұрат не? Алдағы жоспарларыңызбен де бөліссеңіз?

– «Достық үйінде» көптеген іс-шаралар өткізіледі. Сіз сұрап жатқан этномәдени бірлестіктер күні аясында жоғары оқу орны студенттерімен және оқушылармен кездесу ұйымдастырылады. Бұл өзі жыл сайын өткізілетін игі шараға айналды. Оның аясында Достық үйінің өкілдері, өзге де жастар мен этномәдени ұйымдардың мүшелері жиылып, достық туралы, ынтымақ пен бірлік жайлы танымдық лекциялар тыңдайды. Ол жерде Астанамыздың әр алуандығын көрсететін фотокөрмелер, қолданбалы сәндік бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылады.

Мұндағы мақсат: қонақтарды «Достық үйінің» қызметімен таныстыру; этномәдени бірлестіктердің жұмысын көрсету.

– Тағы қандай іс-шараларды насихаттайсыздар?

– «Достық үйіндегі» жастар қанаты жұмысын насихаттау мен жастар қанатына қосылғысы келетін басқа да жастарды тарту секілді іс-әрекеттерді жүзеге асыру басты мақсатымыз.

Негізі «Достық үйінде» көптеген іс-шаралар өткізіліп жатады. Тәлімгерлік, танымдық, тәрбиелік мәні зор олардың. Алдағы 15 желтоқсан күні «Достық үйінде» ашық есік күндері өтеді. Зиялы қауыммен, студенттермен, қала халқымен тағылымды кездесулер өтеді деп жоспарлап отырмыз! Ол жерде «Достық үйінің» қызметімен көпшілікті таныстыру ойымызда бар. Еліміздегі ұлттар татулығы, халықтың ынтымағы мен бірлігі, жалпыұлттық құндылықтарды насихаттау – біздің басты мұратымыз!

– Біздің білуімізше, мемлекеттік тілді үйренгісі келетіндер де көбейіп келе жатқан секілді. Осы жайлы айтып өтсеңіз?

– Соңғы жылдары түрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылық артып келеді. Астана қаласының Достық үйінде көп жылдан бері өткізіліп келе жатқан қазақ тілі курстары – осының айқын көрінісі. Мұнда әртүрлі этнос өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп қана қоймай, бір-бірімен танысып, достық қарым-қатынас орнатады. Мемлекеттік тілді үйренуге ынталылар қатары жыл сайын көбейіп келеді. Биылғы жылғы тыңдаушылар қатарында АҚШ азаматы Яна Принц те бар. Ол қазақ тілін ерекше қызығушылықпен үйреніп, бүгінде жақсы нәтижелер көрсетіп жүр.

Тіл үйрену – жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, адамдарды жақындастыратын ерекше үдеріс.

– Соңғы сауалым, Достық үйінің өкілдері студенттермен жиі кездесу өткізеді. Бұл жақсы бастама. Жақсы үрдіс. Сұрағым келгені, осы кездесулерге спикерлер қалай шақырылады? Кімдер қатысады? Қандай мәселелер көтеріледі?

– Этномәдени бірлестіктер күні аясында қалалық Достық үйінің өкілдері С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері мен оқытушыларымен кездесу өткізді.

Жиын барысында спикерлер еліміздің ең басты құндылығы – ынтымақ пен бірлік тақырыбында әңгіме қозғап, елордалық Достық үйінің қызметі жайлы баяндады. Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Найля Сейдалина отбасылық құндылықтар жайлы айтып, патриоттық тәрбие мәселелеріне тоқталды. Өз кезегінде корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Евгений Цой жастардың белсенділігі және қоғамның өркендеуіне қосар үлестері туралы ой қозғады. Ал Әзербайжандар қауымдастығы жастар қанатының төрағасы Каве Алиева Достық үйінің жастарға ұсынатын мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ студенттердің назарына Достық үйінің қызметін бейнелейтін фотокөрме және сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Ал іс-шара соңында этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжымдардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

– Уақытыңызды бөліп сұрақтарға жауап бергеніңізге рахмет!

 

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
19.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29859
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29415
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46642
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42209
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46989