Досым Сәтпаев: Ресейдің геосаяси жалғыздығы Қазақстанға қауіп төндіреді

Досым Сәтпаев: Ресейдің геосаяси жалғыздығы Қазақстанға қауіп төндіреді

Саясаттанушы еліміз Ресейдің ДХР мен ЛХР туралы соңғы мәлімдемелерін мойындамайды деп үміттенеді. Ресей Президенті Владимир Путин Украина шығысындағы Луганск және Донецк халық республикаларының тәуелсіздігін мойындап, ынтымақтастық және көмек көрсету туралы келісімдерге қол қойды. Бұл жаңалыққа батыстың алғашқы реакциясы теріс болды. Ресми Брюссель санкция салуға шақырса, Берлин соңғы оқиғаларды «Минск келісімдерін бұзу" деп атады. Еуроодақ 22 ақпаннан бастап Ресейге қарсы алғашқы санкцияларын енгізбек. Ұлыбритания да шектеулер салатынын хабарлады. Ал Сирия қос аймақпен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді. Саясаттанушы Досым Сәтпаев Ресей мен Украина арасындағы геосаяси тұрақсыздықтың Қазақстанға теріс ықпалы болатынын айтып отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.  

"Украина төңірегіндегі соңғы оқиғалар менің 2018 жылы жарияланған "Ресейдің геосаяси жалғыздығы Қазақстанға қауіп төндіреді" деген мақаламды есіме түсірді. "Геосаяси жалғыздық" деген терминді алғаш рет сол кездегі Ресей президентінің көмекшісі Владислав Сурков мақаласында қолданған. Содан кейін Сурков Ресейдің "14+ дәуіріне" аяқ басқанын, оның барысында Ресей "жүз, екі жүз, үш жүз?" жыл геосаяси жалғыздықта болуы мүмкін" деген еді. Сол кезде де Сурковтың Украинамен қақтығыс болған 2014 жылдан бастап жаңа дәуірді есептегені алаңдатты", -дейді сарапшы.  Спикердің айтуынша Владислав Сурков бұл "геосаяси жалғыздықтың" мәнін «Ресейдің тек екі одақтасы бар. Олар армия және флот" деген тіркесімен түсіндірген екен.  "Бұл армия қазір ДХР мен ЛХР-ға енгізілуде. Мұның бәрі "бізбен бірге еместер, бізге қарсы" деген қағида бойынша Ресейдің сыртқы саясатындағы конфронтациялық стильдің басым болатынын білдірді. Ал бұл Қазақстанның ұлттық мүдделеріне қатер төндіреді", -деді сарапшы. 

Сондықтан Досым Сәтпаев ел басшылығын Ресейдің ДХР мен ЛХР туралы соңғы мәлімдемелерін мойындамайды деп сенеді.  "Әйтпесе, бұл дипломатиялық сеппуку болады", -дейді саясаттанушы.  Бұл жерде сарапшы тілге тиек еткен "сеппуку" түсінігі – ежелгі жапон самурайларының өзіне-өзі қол жұмсау рәсіміне келіп саяды. Яғни осы сөзі арқылы ол Ресейдің соңғы әрекетін мойындау еліміздің шетелмен дипломатиялық қатынасына балта шабу дегенді меңзегендей.  Еске сала кетсек, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді үкімет үйінде журналистерге берген сұхбатында "қазір біздің алдымызда Луганск пен Донецк халық республикаларының тәуелсіздігін тану мәселесі тұрған жоқ. Біз халықаралық құқық негіздерін және БҰҰ жарғысының негізгі қағидаларын негізге аламыз", -деген еді.

23.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 508
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 465

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9164
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11789
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9557
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10769