«Дулат баба» кесенесіне тазалық жұмыстары жүргізілді

«Дулат баба» кесенесіне  тазалық жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары аталмыш шараға белсенді атсалысуда.

Игі шара барысында «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық транзиттік автожолының бойында орналасқан ««Дулат баба» кесенесіне тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық акциясына аудан жастарымен қоса қоғамдық жұмысшылар, зиялы қауым өкілдері белсене қатысып, кесене аумағы күл-қоқыстардан тазартылып, гүлзарларға абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде аталмыш кесененің аумағына Көкдөнен ауылының тұрғындары 30-дан аса жеміс-жидек көшеттерін отырғызып, абаттандыру шараларын ұйымдастырған болатын.

Жалпы Таза Қазақстан акциясына ауданнан 6 000-ға жуық адам сенбілікке атсалысып, жоспарлы желілік кестеге сәйкес, 6 әлеуметтік нысан, 2 көпқабатты және 50-ден астам ардагерлер мен қарттардың, Ұлы Отан соғысы ардагері және тыл еңбеккерінің аулалары тазаланып, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар 40 шақырым каналдар мен арық жүйелері тазаланып, 18 саябақ және 15 сквер күл-қоқыстардан тазаланды, 1 100 түп тал-дарақтар отырғызылып, 200 м2 төсеніш жабындылары (брусчатка, плиткалар) ауыстырылды, 600 тонна күл-қоқыс шығарылып, 50-ден астам техника жұмылдырылды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша аймақта экологиялық акцияны жыл соңына дейін жалғастыру үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес тазалық жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.

Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданы

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
12.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

БИЫЛ ЖЕТІСАЙДА 13 СПОРТ НЫСАНЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.09.2024 98
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТҰҚЫМБАҚТАР ӨҢІРДІ КӨШЕТПЕН ҚАМТУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.09.2024 114
ТҮРКІСТАНҒА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 10.09.2024 117
ТҮРКІСТАН: МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.09.2024 106
28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 427
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 620
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 499
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 521

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4326
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3769
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6079
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4726
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5925