«Е-Өтініш» жүйесінің алғашқы нәтижелері

 «Е-Өтініш» жүйесінің алғашқы нәтижелері

Елімізде енгізілген «Е-Өтініш» бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесі Түркістан облысы бойынша өтініш берушілердің белсенділігі жоғары аудандарды анықтап берді. Ұсыныс-шағымдар көбіне Кентау қаласы, Сайрам, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мен Түркістан қаласының тұрғындарынан түседі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында баяндалды. «Е-Өтініш» жобасының бұқара мен биліктің байланысын одан әрі нығайтатынын баса айтқан облыс басшысы бұл бағыттағы  жұмыстардың жеке бақылауында екенін еске салды.

Отырыста облыс тұрғындары тарапынан келіп түскен арыз-шағымдардың қаралу барысы туралы айтылды. Өтініштерді қараудың жаңа форматына көшу аясында проблемалар картасы жасалуда. Облыс бойынша бүгінгі күні 2000 мекеменің 7 мың қызметкері «Е-Өтініш» ақпараттық-талдау жүйесімен жұмыс істеп келеді. Жаңа жүйе арыз-шағымдарды жан-жақты жіктеп, талдап берді. Сонымен бірге өтініш берушілердің қалыптасқан әлеуметтік портретін көрсетті. Талдау қорытындысы мемлекеттік органдарға көбіне халықтың әлеуметтік осал тобы емес, тұрмыс жағдайы дұрыс, белсенді бөлігі жүгінетінін анықтап берді.

Өтініш білдірген азаматтардың 63 пайызын жұмыспен қамтылған және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық және тек 4 пайызын жұмыссыздар құрайды. Сауалдардың басым бөлігі жер қатынастары, әлеуметтік сала, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері мен білім, ауылшаруашылығы салаларына қатысты.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өтініштерді қарау бойынша жұмысты жақсарту үшін тиісті тапсырмалар берді. Барлық басқармалар мен аудандық және қалалық әкімдіктер тарапынан тұрақты, күнделікті мониторинг пен талдау жасауды, сұрақтардың сипаты негізінде проблемалық картаны қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуді және өтініш берушілерге жауап беру кезінде заңдылықты қатаң сақтауды міндеттеді.

– Қазіргі таңда тұрғындардың өтінішін тіркеу бойынша жаңа әдіс-тәсілдер қолданылып жатыр. Бірақ біз бұл бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек. Керек болса өзге мемлекеттердің де озық тәжірибелерін алған жөн. Әрбір тұрғынның арыз-шағымы, өтініші жедел назарға алынып, жұмыс жүргізілсе ғана мәселе шешіледі, – деді облыс басшысы.

   

11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 94
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 104
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 339
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 566
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 513

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9216
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8611
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11837
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9607
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10820