Е. Тоғжанов: «Халық нақты жұмысты көру керек»

Е. Тоғжанов: «Халық нақты жұмысты көру керек»

Өңір басшысы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ақтөбе қаласын дамыту сұрақтарына қатысты жиын өтті. Жиынға «Қазақстанның Q88 урбанистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, жерглікті мемлкеттік органдардың басшылары қатысты.

Қауымдастық басшысы Ерлан Аукенов қоғамдық кеңістікті абаттандыруға байланысты жүргізілген сараптамасының нәтижесін көрсетіп, қалалық инфрақұрылымды, саябақтарды, шағын бақтар мен спорт алаңдарын дамыту жобаларын таныстырды.

Сарапшылар: «Q88 урбанистер қауымдастығы қызметінің басым бағыттарының бірі - Қазақстан қалаларына урбанизациялаудың озық әдістерін енгізу болып табылады. Басқа қалалардағыдай, Ақтөбеде де қоғамдық кеңістіктердің сәулеті мен қоршаған орта ландшафытының үйлесімділігі жоқ екені байқалады»,- деп атап өтті.

Таныстырылым кезінде сарапшылар қала көшелеріне он арт-нысан, шағын архитектуралық формалар орнатуды, қабырғаларға суреттер салуды ұсынып, алаңдардың, саябақтардың орналасу дизайнын көрсетті. Қоғамдық кеңістікті дамыту жобасы шеңберінде Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты аумағында ашық аспан аясында ұшақтар мұражайын, амфитеатр, балалар алаңын орналастыру ұсынылуда. Астана саябағының аумағында жастар саябағы, Тәуелсіздік даңғылында 2,5 шақырымдық желекжол салынып, Бөкенбай батыр даңғылы бойынан халықаралық әуежайға дейін сарматтар дәуірінен Қазақстан хандығығына дейінгі тарихымызды бейнелейтін арт-нысандар орналастырылады. Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің қабырғаларына Димаш Құдайбергенге арнап мурал салуды ұсынды. 

«Димашты еліміздің бренді деуге болады. Ақтөбе – оның туған жері, жанкүйерлері біздің қалаға жиі келіп тұрады. Бұл біз үшін туризм саласын дамытуда үлкен мүмкіндік. Біз соны барынша пайалануымыз керек. Сондықтан, облыс орталығы барлық талаптарға сай болып, демалу үшін барынша қолайлы болғаны жөн»,- деп атап өткен Е.Тоғжанов тиісті басқарма басшыларына осы бағыттағы жұмыстарды бастауды тапсырды.

Сондай-ақ, өңір басшысы қоғамдық кеңістіктер мен тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланың ескі бөлігіндегі аулалардың аумағын абаттандыру сұрақтарына ерекше назар аудару керек деп санайды. Соған байланысты Жанқожа батыр, Некрасов, Кереев көшелеріне рекрациялық аймақтар жасап, теміржол вокзалы аумағы мен сол маңдағы аулаларды абаттандыру жобалары ұсынылды.

Таныстырылымды тыңдап шыққан Ералы Тоғжанов түзетулер енгізіп, жобаның жүзеге асырылатын мерзімін нақтылауды тапсырды.

Облыс әкімі: «Қала халқы күн сайын көбейіп келеді. Сондықтан, Ақтөбеде бір мезетте кемінде 15 мың адам жиналатын шараларды өткізуге арналған орын болу керек. Ұсынылып отырған жер - Елек өзенінің жағасы. Осы жұмысқа кірісу керек. Тұрғындар құр сөз бен бос уәдені естімей, нақты жұмысты көру керек»,- деп сөзін түйіндеді.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
14.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 20
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 28
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 15
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 9
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 153
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 156
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 333
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 957

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9033
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8429
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11657
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9412
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10638