ҚР Қаржы мониторингі: «Қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті «Eden Life» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу органы қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады. Бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді. Департаментте аса ірі көлемде ақша немесе өзге де мүлікке қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа деректер тергеу мүддесі аясында жария етуге жатпайды»,— деп хабарлап, азаматтарды қырағы болуға және YouТube хостингіндегі «Eden Life» жарнамасына алданып, жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырды.