«Егінжай-2023» облыстық дала семинары

«Егінжай-2023» облыстық дала семинары
Кез келген елде егіншілік саласы - аса күрделі де, жауапты сала. Бұл саланың - еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтап, ел ризығын молайтуға қосар үлесі зор. Сол себепті Президент тапсырмасына сәйкес егіс алқаптарын әртараптандыру, басым бағыттағы рентабельді дақылдардың себу көлемдерін арттыру, бос жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу, озық үлгідегі жаңа технологиялар мен ғылыми жаңашылдықтарды пайдалана отырып, саланың дамуын өз биігінен түсірмеу - бірінші кезектегі міндет.
Осыған байланысты саладағы басым бағыттағы дақылдарға сәйкес әртараптандыруды жалғастыру және олардың өнімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттау арқылы тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған «Қант қызылшасы өндірісін дамыту» тақырыбындағы «Егінжай-2023» облыстық дала семинарына облыс әкімі Е.Қарашөкеев, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары, шаруашылық жетекшілері және республикадағы ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары қатысты.
Байзақ ауданындағы «Аспан Агро» ауыл шаруашылығы кооперативінің қант қызылшасы алқабында өткен семинар барысында қатысушыларға ауыл шаруашылығы техникаларының және өндіруші компаниялардың көрмесі таныстырылды. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары егін шаруашылығын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша баяндама жасап, шаруалармен өзара пікір алмасты.
Биылғы жылы аймақта қант қызылшасы 10,8 мың гектарға орналастырылса, қуаңшылықтың салдарынан оның 6,2 мың гектары жарамсыздыққа ұшырады. Қазіргі уақытта жиналатын 4,6 мың гектар алқаптың 1,3 мың гектарынан 58 356,9 тонна тәтті түбір алынып, әр гектардағы орташа өнім 424,6 центнерді құрауда. Ал, қант зауытына 46 997,9 тонна қызылша өткізілді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы 57,3 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілсе, оның 38,9 мың гектарына тамшылатып, 18,3 мың гектарына жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді.
Жалпы егіншілікте озық технологияларды қант қызылшасына енгізу қолға алынуда және осы арқылы мол өнім алуға болатынына көз жеткізіліп келеді. Бұл бағыттағы, яғни жүннен өндірілген аграрлық биотыңайтқышты пайдалану, рентабелді дақылдардың тиімділігін арттыру сияқты жұмыстар семинар кезінде көпшілікке көрсетілді.
Айта кету керек, биылғы жылы 459 гектар қант қызылшасына тамшылатып суару технологиясы енгізілсе, 1 939 гектарға жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
28.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 33
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 71
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 32
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 66
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 71
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 268
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 264
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 885

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8961
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8355
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11581
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9339
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10565