eGov порталына кіру ережесі өзгереді

     eGov порталына кіру ережесі өзгереді

    Электронды үкіметтің : «14 наурыздан бастап eGov.kz порталына кіру ережелері өзгереді. Пайдаланушылар порталға логин/пароль және бір реттік СМС-код арқылы жеке-жеке кіре алмайды», — деп хабарлайды.  Енді eGov.kz порталындағы деректер екі факторлы аутентификациямен қорғалады. eGov.kz порталына кіру үшін пайдаланушылар:

логин / ЖСН енгізу; құпиясөзді енгізу; мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберілетін бір реттік СМС-кодты енгізу арқылы кіруді растау қажет.  «Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі»,— деді eGov. Электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), биометрия және eGov mobile мобильдік қосымшасының көмегімен QR-кодты сканерлеу арқылы кіру сияқты аутентификация әдістері өзгеріссіз қалады. 2FA немесе екі факторлы аутентификация – бұл пайдаланушыны идентификациялау әдісі. Бұл әдіс арқылы сіз өз аккаунтыңыздың иесі екеніңізді екі түрлі жолмен растауыңыз керек. Оның көмегімен сіздің деректеріңізге үшінші тұлғалардың қол жеткізуі әлдеқайда қиын. Портал қызметтерін пайдалану үшін Азаматтардың мобильді базасында тіркелген өзекті телефон нөмірі болуы керек. Нөмір бұғатталған немесе тіркелмеген жағдайда 1414 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласу немесе eGov.kz жеке кабинетінде нөмірді ауыстыру қажет.

Ермек САХАРИЕВ
15.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5388
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5544
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20512
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19143
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22604