Екі министр, төрт әкім

Екі министр,   төрт әкім

Қазақстанда жаңадан құрылған Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарының әкімдері тағайындалды. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, жаңа министрлер белгілі болды. 

Жаңадан құрылған Жетісу облысына әкім болып Бейбіт Исабаев тағайындалды. Оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.

Берік Әбдіғалиұлы жаңа облыс – Ұлытаудың әкімі лауазымына бекітілді. Сонымен қатар Алматы облысының әкімі ауысты. Алматы облысының бұрынғы басшысы Қанат Бозымбаевтың орнына Марат Сұлтанғазиев келді.  Сондай-ақ, жоғарыда айтып өткендей, Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді. Бұрынғы БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі болып тағайындалса, Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол National Geographic Kazakhstan ізгі елшіcі, BTS Education компаниясының басшысы қызметтерін атқарды.

 

Рауан Мутаир, Жандаулет Дигарбеков
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5217
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5376
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20341
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18976
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22440