Екі мыңнан астам қарағандылық «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасады

Екі мыңнан астам қарағандылық «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасады

Биыл Қарағанды облысында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2211 адам жұмысқа орналастырылады. XVIII жазғы еңбек маусымының ашылуы 27 мамырға жоспарланып, жастар спартакиадасы форматында өтеді.

 2022 жыл Қарағанды облысындағы «Жасыл ел» үшін үлкен өзгерістер әкеледі. Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 289 млн теңгеден астам қаражат қарастырылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Бұл ретте қаражаттың негізгі бөлігі қалалар мен аудандардың бюджеттерінен бөлінеді, бұл «Жасыл ел» жасақтарына жалақының уақтылы төленуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа еңбек маусымына қатысу үшін 2,5 мыңнан астам өтініш берілді. Нәтижесінде жұмысқа орналастыру үшін 2211 адам іріктелді, – деп хабарлады Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы.

«Жасыл ел» қатарына қабылдау кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жасөспірімдерге басымдық берілді. Жаңа маусымда қатысушылардың 39%-ға жуығы мемлекет тарапынан ерекше қолдауды қажет ететін жасөспірімдер - бұл «көп балалы, толық емес, аз қамтылған отбасылар», «қандастар» және «жетім балалар» санаттары. Жастарды жұмыспен қамтудың басым бөлігі Қарағанды (350 адам), Теміртау (300) және Бұқар Жырау ауданында (180) қамтамасыз ету жоспарлануда.

"Биылдан бастап «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбекақы төлеудің жаңартылған моделі қолданылатын болады, оған сәйкес қатысушылардың жалақысы жұмыс істеген сағат санына байланысты 60 мыңнан 90 мың теңгеге дейін болады. Барлық жасөспірімдер спорттық костюм ретінде қызметтік фирмалық киіммен қамтамасыз етіледі", – деп толықтырды жастар саясаты мәселелері басқармасы.

«Жасыл ел» жасағының еңбек маусымы 1 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасады.

 

                                                                                               

Жомарт Шаймұрат
16.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 80
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 114
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 114
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 80
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 224
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 229
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 442
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 405

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9101
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8500
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11727
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9493
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10709