Эко-базар бағаны тұрақтандырады

Эко-базар бағаны  тұрақтандырады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалымен өткен аппарат отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының өсуінің алдын алу шаралары мен тұрақтандыру туралы баяндалды. Соңғы екі айда баға динамикасы 0,5 пайызға төмендеген. Маңызды мәселе облыс басшысының тікелей бақылауында. 

Бағаны тұрақтандыру мақсатында жақын күндері барлық базарларда рейдтік, мониторингтік іс-шара жұмыстары күшейтіледі. Сауда үстемелерін 10 пайыздан жоғары көтеруге жол бермеу бойынша және келген тауарлардың заңдылығын тексеру жұмыстары жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында, ірі сауда орындары мен дүкендер және әмбебап базарлар мен облыс көлемінде 1098 меморандум түзілген.

Аппарат отырысында Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбахыт Иманқұловтың мәлімдеуінше, облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Айналым схемасы» шеңберінде жалпы 570 млн теңге таратылған. Оның ішінде «MagnumCash&Carry» ЖШС, «Али Сауда» ЖШС, «Ғажайып-П» мекемелеріне қарыз берілді. Аталған сауда орындары тауарларды нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен сатуда. Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында құны 573,7 млн теңгенің 5865,2 тонна азық-түлік тауарлары, атап айтқанда ұн, күріш, рожки, қартоп, пияз, сәбіз, тұз, құнбағыс майы бар. 

Сондай-ақ басқосуда диқандардың өз өнімдерін арадағы делдалдар арқылы тым арзан бағамен сататыны жайлы айтылды. Ал сатып алушылар азық-түлік бағасын жасанды көтеруде. Осыған орай, Түркістан қаласында бой көтерген көтерме тарату орталығы – Эко-базар бағаны тұрақтандыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Жаңа сауда орталығы Түркістан облысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандырудың пәрменді тетігі болып, көтерме-сату орталығының қызметін атқарады. 

Түркістан қаласында 13 әлеуметтік дүкен бар. Тамыз айынан бастап облыс орталығының бес сауда орындарында әлеуметтік бұрыштар ашылып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар белгіленген бағада, яғни нарықтағы бағадан төмен сатылуда. Облыс әкімдігі тарапынан ӘМАТ шекті бөлшек сауда бағаларын негізсіз өсірмеу үшін сауда бағалары бойынша заңнама талаптарын бұзуды жою жөнінде Түркістан қаласындағы сауда орындарына 45 нұсқама беріліп, қазіргі таңда 3 субъектіге айыппұл салынды. Осы бағыттағы  жұмыстар жалғасуда.

 

Ш.Молдабек
28.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 21
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 49
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 45
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 18
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 49
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 47
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 45
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 52
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 41
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 49
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 279

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9288
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8683
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11911
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9685
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10892