Экология халық геніне әсер етеді

Экология халық геніне әсер етеді

Адамның қолайлы өмір сүруіне еліміздің табиғи-климаттық, техногендік және әлеуметтік факторлары тікелей әсер ететіні айтпаса да белгілі. CIA World Factbook кітабы мен БҰҰ жасаған World Population Prospects (2005-2010 жылдар) тізіміне қарасақ өмір сүру ұзақтығы бойынша Қазақстан 123-орында тұр. Әлеуметтік жағдай, стресс, қоғам ғана емес тікелей әсер ететін бірден-бір фактор  – экология. 

Адамзат басынан кешіріп жатқанжаңа ғасырдың әлеуметтік-экологиялық проблемалары дүниежүзін алаңдатып отырған өткір мәселенің бірі. Соңғы биомедициналық зерттеулер қоршаған ортаның үнемі ластануы жаңа аурулардың пайда болуына, туа біткен деформациялардың көбеюіне, өлім-жітімнің жоғарылауына және туудың төмендеуіне, халықтың белсенді және салауатты өмір сүру кезеңінің күрт нашарлауына және сайып келгенде, кез келген ұлттың генофондына айтарлықтай зиян келтіргенін көрсетті. Ежелгі бабамыздан қалған дәстүр мен әдет-ғұрыпта қазақ халқы қашанда табиғатпен, жер-анамызбен тығыз байланыста болып, оның әр тасын, әр тал-шыбығын қастерлеп, қадір тұтты. Қазақта «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен сәнді», «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген бабалар сөзі бар. Көшпелілердің ұрпағы табиғат анамызға титтей де болсын қастық қылмай, керісінше өмірін жер-ананың өзімен байланыстырған. Қазіргі жағдайда экологиялық проблемалар Қазақстанда жоқ емес. Тиісінше іс-шара қолданылып та жатыр. Біз Қазақстанның қазіргі экологиялық проблемаларына ел басшысының да бей-жай қарап отырмағанын «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынан көрдік. Бұл туралы өткен жылғы үкімет отырысында министр Мағзұм Мырзағалиев «Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленіп жатқан «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді» деп өз ойын білдірген болатын. Ағаш отырғызу, су мөлшерін дұрыс пайдалана білу, замануи техникаларды, оның ішінде тамшылатып суғару т.б. елеулі жұмыстар шаруашылықтарың ғана емес қоршаған ортаның жағдайына өз үлесін қосты. Жасылдандыру саясаты табиғат анамызды қазіргі жағдайда сақтап қалудың жолы. 

Для чего нужен национальный проект "Жасыл Қазақстан" и как он поможет  экологии | informburo.kz

 Енді бір ескеретін жайт – еліміздегі ең лас қалалардың көшін астанамыз бен Алматы бастап тұр. Жақында Алматы тұрғындары таза ауа үшін митинг өткізген болатын. Ауа сапасының индексіне (Air quality index) қарасақ, Алматыдағы ауадағы PM2.5 концентрациясы қазір ДДҰ ұсынған ауа сапасының орташа жылдық көрсеткісінен 9.6 есе жоғары екен. Мемлекеттің баса назар аударатын мәселелерінің бірегейі қазір осы болуы керек. Себебі осынша адам шоғырланған мегаполисте таза ауа болмаса пандемиямен қатар түрлі аурулар өршіп, тұрғындардың денсаулығына орасан зиянын тигізері анық. Қоршаған ортаның ластануы халқымыздың демографиясына ғана емес, генафондына қауіпті екенін жоғарыда айтып өттік. Сондықтан болашақ ұрпақ үшін экология  мәселесін қолға алу қазіргі таңда ең өзекті мәселенің бірі екенін айтқымыз келеді. 

Абзал СҮЛЕЙМЕН
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 135
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 172
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 168
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 135
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 280
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 497
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 455

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9152
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8551
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11778
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9546
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10758