Экономикда бізді қандай сценарий күтіп тұр?

Экономикда бізді қандай сценарий күтіп тұр?

     Былтырғы жылдың экономикалық картинасын Үкімет отырысында қорытқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: « Елдегі өңдеу өнеркәсібі 5,5 пайызға, ал құрылыс индустриясы 7,6 пайызға артты. Шикізат секторынан тыс осы екі сала экономиканың өсуіне қолдау білдірді. Қызмет көрсету саласында оң үрдіс бар. Сауда-саттық 9,2; көлік саласы 3,6 пайызға артты. Дегенмен, инфляция межелі деңгейден асып кетті. Бұл көрсеткіш 8,4 пайыз болды. Жоспарланған реформаларды жүзеге асыру және инфляцияны төмендету – басты міндеттердің бірі. Ең бастысы, біз азаматтардың табысын арттыруымыз керек. Қазір еліміз күрделі кезеңді бастан өткеруде. Дүниежүзін жайлаған індеттің беті қайтпай тұр. Соның салдарынан елдегі іскерлік белсенділік төмендеп кетті», – деді. «Былтыр 4 пайызға өскен ел экономикасын биыл не күтіп тұр?» деген сауалға отандық сарапшылар жауабы әрқалай. Мәселен,  «Ұлағат Консалтинг групп» директоры, экономист Марат Қайырленов: «Олигархтар экономикалық жүйеден аластатылса да, жүйелік проблемалар ешқайда кете қоймады. Өз басым биыл экономикамыздан ешқандай ерекше нәрсе күтпеймін. Неліктен? Біздің экономикамызда екі негізгі сегмент бар – шикізат және шикізаттық емес секторлар. Егер шикізат секторын алатын болсақ, мұнда трансұлттық компаниялар мен олигархтар ықпалы басым. Олигархтар шикізат бағасының жоғары болуына қарамастан, қазір инвестициясын тоқтата тұруы мүмкін. Өйткені олар үшін саяси тәуекелдер күшейе түсті. Нәтижесінде, шикізат секторындағы өсім күтілмейді. Шикізаттық емес секторды саралайтын болсақ (сауда, құрылыс және т.б.), мұнда олигархтар факторынан басқа, жалпы халықтың нақты кірістерінің төмендеуін атап өтуге болады. Ал инфляция өз кезегінде нақты кірістерді жеп қоюда. Қазір Президент жариялаған реформалардың қаншалықты жүзеге асатынын айта алмаймын. Мысалы, облыс әкімдерінің сайлауы өңірлер экономикасының өсуінің драйвері бола алар еді. Әкім болып сайланған адам, облыс экономикасының өркендеуіне аянбай күш салады деп күтуге болады. Қазір әкімдер тағайындалып алады да, сол өңірді қашанға дейін басқаратынын өздері де білмейді. Сондықтан олар өз өңірін керемет дамытады деп үміттенудің өзі қиын», десе,  экономист Айдархан Құсайынов: «Иә, бюджет қызметкерлерінің, шикізат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің жалақысы аздап өсті, бірақ бұл экономикалық белсенді халықтың 25 пайызы ғана. Экономикалық белсенді халықтың 75 пайызы үшін табыс өскен жоқ. Ал бағалар керісінше барынша өсуде. Биыл экономикалық өсім тіпті былтырғыға қарағанда төмен шығуы мүмкін. Бізді алдымызда инфляция мен теңге бағамы сынды ауыр сынақ күтіп тұр.  Бәлендей кесіп болжам айту қиын. Ұлттық Банктің өзі қойып отырған инфляция коридорына 2022 жылды былай қойғанда, 2023-2024 жылдары оралуымыз екіталай», – деген болжам айтады.  

   Көпшілік сарапшылар: «Рас, Президент Үкіметке халықтың жағдайын көтеруді ең басты шаруа ретінде тапсырып отыр. Бірақ халықтың әл-ауқатының артуы – экономика өседі дегенді білдірмесе керек. Керісінше, 2000-2019 жылдардағы олигархат заманында экономика өссе де, халық кедейленген тенденцияны байқадық. Қазіргі Ақорданың жүрісі түсінікті – олар түскен табыстың Назарбаевқа жақын адамдардың қалтасына кетуін емес, бюджетке бағытталуын қамтамасыз етпек. Ол Ұлттық қорды мейлінше сақтай отырып, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Экономика бұл жағдайда қайтпек? Тағы да мұнай бағасына үміттене ме? Әлде импорт алмастыру арманына ұмтылуын жалғастыра ма? Осы сұрақтың жауабын біз наурыздағы Президент үндеуін тыңдап, бірінші жартыжылдықтың экономикалық қортындысын алғанда барып топшылайтын боламыз»,  – деген пікірде. Ендеше, әліптің артыне бағайық, оқырман...

Ермек САХАРИЕВ
09.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 194
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8576
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784