Екпені толық алғандар 77 мыңнан асты

Екпені толық алғандар 77 мыңнан асты

Ағымдағы жылдың маусым айының соңында эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақтардың қатарына қосылған Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасуда.

Облыс әкімдігінде ұйымдастырылған жедел штаб отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков коронавирус инфекциясын жұқтыру фактілеріне тоқталды. 13 маусым күнгі статистика бойынша індет жұқтырғандардың 77,6 пайызы сауығып шыққан. Пандемия басталған кезден бастап күні бүгінге дейін 430-дан астам облыс тұрғыны осы дерттен көз жұмған. Басқарма өкілі реанимациялық төсектердегі науқастардың негізгі үлесін 60 жастан жоғарғылар құрайтынын жасырмады.

– Бұрынғыдай 60 жастан асқан адамдар қауіпті топқа жатқызылады. Жұқпалы аурулар ауруханаларының төсегіне таңылатын да осы жастағылар екенін және оларды созылмалы аурулар салдарынан емдеу қиынға соғатынын атап өткім келеді. Осыған байланысты мен тағы бір рет аға буын өкілдеріне үйден шұғыл қажеттіліксіз шықпауды, адамдар көп шоғырланған жерлер мен жиындарға бармауды, барлық сақтық шаралары мен бетперде режимін сақтауды ескерткім келеді, – деді Арман Талғатұлы.

Күні бүгінге дейін өңірімізге вакцинаның 320 050 дозасы келіп түскен. Оның ішінде Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасы – 247 050, отандық «QAZVAС» вакцинасы – 7 000, Біріккен Араб әмірліктерінде өндірілген «Hayat-Vax» вакцинасы – 50 000, Қытайда өндірілген «CoronaVac» вакцинасы – 16 000 доза. Жалпы 14 шілдедегі мәлімет бойынша облыста вакцинаның І компонентімен 142 мыңнан астам адам егілсе, ІІ компонентін 77 мыңнан астам тұрғын салдыртқан.

Халықты коронавирус жұқпасынан қорғаудың жалғыз әрі тиімді жолы – вакцинациялау екенін айтқан А.Қалибеков: – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың 60%-дан кем емес бөлігі вакцинациялануы тиіс екенін, сонымен қатар егер ұжымда коронавируспен ауырған қызметкерлер болса, олар сауыққаннан кейін үш айдан соң екпе алуына болатынын айтты.

Орал қаласында індетке қарсы екпе алу бекеттеріне тұрғындар көптеп баруда. Ағымдағы жылдың 8-14 шілде аралығында 24208 батысқазақстандық вакцина салдыртып, өзін және жақындарын қорғауға қадам жасаған.

Ләззат ҚАЖЫМОВА
15.07.2021

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МЕРГЕНІ ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 24
«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1500 ТҮП ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.04.2024 34
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 13 КАНАЛДЫ БЕТОНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 29
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 19
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 21

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 959
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7012
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10856
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7078
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7219