Экс-Мәдениет және спорт министрінің соты

Экс-Мәдениет және спорт министрінің соты

Нұр-Сұлтанда экс-Мәдениет және спорт мини- стрі, ҚР Ұлттық музейінің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу процесі басталды. Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот отырысы БАҚ-қа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу» бабы бойынша шектеумен онлайн режимінде өтуде. Журналистер сотқа кіре алмайды. Еске салайық, үстіміздегі жылдың 28 мамырында соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы екі айға қамауға алынған болатын. Оған «мемлекет ақшасын жымқырды» деген айып тағылып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету бойынша Ұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D моделін жасау» жобасын жүзеге асыру барысында 1,2 млрд теңгенің ұрлығына жол берілгенін хабарлады. Жұмыстың нақты құны 83,4 млн теңгені құрады. Үстіміздегі жылдың шілде айының басында Антикордың бұрынғы министрге қатысы болуы мүмкін мемлекеттік кәсіпорынның ғимаратын арзан бағамен иеліктен шығаруға қатысты тергеуді бастағаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Рауан МУТАИР
28.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 355
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6461
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8169
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6540
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6676