ЕЛ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

ЕЛ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022-жылғы 3-наурызда «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826-шы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл құжатта «Барлық деңгейдегіәкімдер жыл бойы халықпен кездесулерөткізсінолардың барысында халықтытолғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырыпҚазақстандыжаңғыртудың жаңа бағдарының негізгібағыттары туралы хабардар етсін жәнепроблемалық мәселелерді шешудің жолдарымен мерзімдерін түсіндірсін», – деп айтылған.


Осыған орайТ.Рысқұлов ауданының әкіміЕрболат Садырқұлов бекітілген кестеге сайҚайыңды, Тереңөзек және Ақыртөбе ауылдықокругтерінің тұрғындарымен кездесті

Кездесулерде аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы ең алдымен тұрғындарға ағымдағы атқарылып жатқан және атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті. Ал, сұрақ-жауап бөлімінде әр ауыл округте инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелер, егістік, жайылым жер, ауыз су, елдімекендерді абаттандыру және тұрғындарды толғандырған әртүрлі мәселелер бойынша ауыл тұрғындары белсенділік танытып, көкейінде жүргенсұрақтарын қойды. 

Мәселен, Тереңөзек ауылдық округі тұрғындарын көптен мазалаған мәселелердің бірі – Шолақ-Қайыңды елдімекенін көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі. Бұл тұрғыда аудан басшысы өткен жылы ауданда газ кірмеген 10 ауылға газ тарту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ауданның 34 елді мекені газбен қамтамасыз етілгенін, Шолақ-Қайыңды ауылына газ тарту жұмыстарының жобасы мемлекеттік сараптамадан қорытындысы алынып, республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім жолданғанын жеткізді. 

Одан кейінгі халықтың көкейінде жүрген сұрақтар -Тереңөзек ауылына спорт кешенін салу, электр желілерін жаңарту, Ақыртөбе ауылына стритворкоут салу және де қаңғыбас иттерді аулау мәселелері көтерілді. Аудан басшысы өз тарапынан қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және қордаланған мәселелер тиісті сала басшыларына жолданып, әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Аудан әкімі, аудандық прокуратура және полиция бөлімінің басшылық құрамы, жергілікті зиялы қауым мүшелерінің қатысуларымен өткен қоғамдық қабылдауда тұрғындар көтерген жеке мәселелері бойынша тиісті ақпараттарын алды.


Алдағы уақытта аудан әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуі тұрақты түрдеөткізілетін болады.

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
15.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5171
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5334
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20297
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18935
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22396