Ел намысын қорғаған батырлардың бірі - Мадияр Бексұлтанов

Ел намысын қорғаған батырлардың бірі - Мадияр Бексұлтанов

Шу ауданының үш бірдей мектеп оқушылары бокстан Иордания мемлекетінің Амман қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтыннан, күмістен, қоладан алқа тағынып, елдің абыройын асқақтатты. 

 

Ел намысын қорғаған батырлардың бірі - М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Мадияр Бексұлтанов.

Ол - қола жүлдегер.

Аудандағы ағайын оқушыны ыстық ықыласпен қарсы алды.

Өз кезегінде Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев оқушыны ата-анасымен бірге арнайы қабылдап, байрақты бәсекеде көк Туымызды желбіреткен оқушыға сый-сияпатын ұсынып, алдағы бәсекелеріне қолдау білдіретін жеткізді.

Сондай-ақ, жасөспірім қыздар арасында өткен чемпионатта белбасарлық Бахыт Сейдіш алтын алқаны, Оразалы Батыр ауылының тумасы Нұрсұлу Сүйінәлі күміс жүлдені иеленген болатын.

Бұл туралы аудан басшысы:

  • Қос бұрымды қыздарымыздың өңірге аман-есен оралуын күтіп отырмыз. Оларға да лайықты құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің абыройын асқақтатар ұландарымыз көп болсын!, - деді Сәкен Қаланұлы.
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5374
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5531
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20499
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19130
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22591