Ресейлік RBK басылымы: «Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев үшін Елбасы статусынан айырылу нені білдіреді?»— деген сауалға жауап іздеп, бірқатар сарапшыны сөзге тартқан-ды. Соған орай өз пікірін ортаға салған Е.М. Примаков атындағы әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар бойынша Ресей ұлттық зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Станислав Притчин: «Қазіргі президент биліктен бұрынғы элитаны аластатуға тырысып жатыр. Елбасы туралы заңның күшін жою Тоқаев пен Назарбаев тобы арасындағы астыртын текетіресті көрсетеді. Назарбаевтың үлкен саясатқа оралу мүмкіндігі жоқ, оның ендігі міндеті — кланының мүддесін қамтамасыз ету. Назарбаев 2020 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңге қарағанда жетекші ойыншы емес, бірақ саяси, экономикалық алаңда ірі фигура»,— деп санайтынын алға тартса,
Орталық Азия бойынша эксперт Аркадий Дубнов: «Назарбаев тәуелсіз Қазақстан символдарының бірі ретінде қалуға тырысады, әрі солай болады да. Бірақ ол тәуелсіз Қазақстанның негізін қалағандардың бірі ретінде аталғанымен, Қытайда Мао Цзэдунды, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сенді ұлықтағандай, оны ұлықтау аңғарылмайды. Назарбаевты өзіне берілген артықшылықтан біртіндеп айыру қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша сот процесіне әкелетін қадам болып шығуы ғажап емес»,— деген ойда.