Елде баспананы жалға беретін компаниялар құрылуы мүмкін

Елде баспананы жалға  беретін компаниялар құрылуы мүмкін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев: «Жеке сектордағы жалға берілетін баспана нарығы тиісті түрде реттелмей жатыр. Бұл қызметті әкімшілік ресурспен реттеуге қарсымын. Осы орайда өзіміздің ұсыныстарымызды даярлап жатырмыз. Біз Қазақстанда баспананы жалға беретін жылжымайтын мүлік қорларын құруды ұсынамыз. Бұл компаниялардың акцияларын алғандарға дивиденд түрінде төлем аударылады. Яғни жалға берілетін баспананың жеке нарығын құрып, бұл салаға инвестиция тартылып, жалға беруден тұрақты табыс алу жоспарланған. Бұл тұрғыда бизнеспен айналыспайтын мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер, дәрігерлер, педагогтер аталған компанияның акциясын сатып алу құқығына ие болатыны ұсынылады. Осы кәсіпорын жылжымайтын мүлікке қаражат салып, баспананы жалға беруден төлем алып, ай сайын немесе әр тоқсанда адамдардың табысын қамтамасыз етуі тиіс. Адамдар осындай компанияларға ақша салса, бұл қаражат жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде бағытталады. Баспана жалға берілетін жеке қорға қаражат салғандар тиісті сомада табыс алып тұрады. Осындай экономикалық жолмен саладағы мәселені шешкіміз келеді», – деді. 

Ермек Сахариев
07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5055
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5219
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20179
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18823
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22279