Елде тағы бір вакцина өнеркәсібі іске қосылды

Елде тағы бір вакцина өнеркәсібі іске қосылды

  Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген елдің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары аясында «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының серіктесі саналады. БҚПҒЗИ «Антиген» алаңын пайдалана отырып, медициналық вакцина, оның ішінде QazVac шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосты. Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынды. Биылғы жылдың қыркүйек айында қуаты айына 1 млн дозаға дейін жететін «Антиген» алаңында QazVac вакцинасының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды. Халықаралық сапа стандарттары кәсіпорынға өндірістің барлық учаскелерінде жоғары техникалық деңгейге, сапа мен сенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Антиген» ҒӨК «OtarBioPharm» ЖШС жанындағы биофармацевтика зауытымен қатар БҚПҒЗИ әзірлеген QazVac қазақстандық вакцинасын шығару бойынша екінші өндірістік алаңға айналды.

14.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 68
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 120
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 71
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 72

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24056
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23724
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41205
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37128
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41388