Елдегі инвесторлар ақшаны офшорға ауыстыруда

Елдегі инвесторлар ақшаны офшорға ауыстыруда

  Ranking.kz: «Елден шығарылған қаражаттың көбі Кайман аралдарына бағытталған.  2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында қазақстандық инвесторлардың шетелге тікелей инвестицияларының жалпы ағыны 1,5 млрд АҚШ долларын құрады. 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстаннан шетелге тікелей инвестициялардың ығысуы 35,8 пайызға өсті. Қазақстандық тікелей инвесторлардың шетелге инвестициясының жалпы көлемінің 1 миллиард доллардан астамы қаржы және сақтандыру қызметі саласындағы инвестицияларға бағытталған. Бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңімен салыстырғанда 85,8 пайызға артық», деп хабарлайды. Одан кейінгі орында кәсіби және ғылыми техникалық қызмет (117,4 миллион доллар) және үй қызметкерлерін жалдайтын және өз тұтынуына арналған тауарлар мен қызметтерді өндіретін үй шаруасы қызметі (96,7 миллион доллар) тұр. Отандық инвесторлар капитал жөнелтіп жатқан елдердің ішінде офшорлар көп қолданылған. Мысалы, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде салымдардың ең үлкен көлемі Кайман аралдарына тиесілі: 637,5 миллион доллар. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 3 есе жуық көп. Бұдан соң Ресей (253,1 миллион доллар) тұр. Үштікті тағы бір офшор – Сейшел аралдары (176,6 миллион доллар) тұйықтап отыр. Сейшел аралдарына қазақстандық инвестицияның жалпы көлемі 2021 жылдың үшінші тоқсанында жіберілгені белгілі болды. Бұл үшінші тоқсандағы шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің төрттен бір бөлігі. Ал жалпы қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіші 11,7 пайыз болып отыр. Негізінен бұған дейін бұл бағыт аса танымал емес болатын. Ал Кайман аралдарының үлесі, керісінше, тұрақты өсті: 2011 жылы ол небәрі 0,1 пайызды құраса, 2020 жылға қарай 23,3 пайызға дейін ұлғайды. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айының соңына қарай бұл бағыттың үлесі 42,2 пайызға жетті. Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елден заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Ол үкіметке екі ай уақыт берген болатын.

Ермек САХАРИЕВ
16.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779