Елдегі өзгеріс неден басталуы керек?

Елдегі өзгеріс неден басталуы керек?

   Елімізде дүрбелеңнен кейін үлкен өзгеріс болып жатыр. Билік өкілдері «Жаңа Қазақстан» ұранын көтере бастады. Істі неден бастаған абзал? Қоғамның көкейіндегі басты сұрақ – осы. Бұл сауалға ХАҚ қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тоғжан Қожалиева: «Ең бастысы – қоғамға үміт беру керек. Кадрлық тазалау жүрмей, алысқа ұзай алмаймыз. Өйткені, барлық жерде лауазымды адамдардың туысқандары қызметте отыр. Бірінші қадамды Тоқаевтың өзі бастады. Жиенін қызметінен кетірді. Бұл бастама тек Президентпен ғана шектелмеуі тиіс. Мамин, Нығматулин және басқа да лауазымды адамдардың, министерлердің туыстары, күйеу балалары бар. Сара Назарбаеваның да туыстары жайлы орындарда отыр. Билікте отырған адамдардың туысқандары лауазымды қызметтерін босатқаны жөн. Жастардың жаппай көшеге шыққанының бір себебі осында жатыр. Туысың, тірегің болмаса, бізде мансапқа қол жеткізу мүмкін емес. Маған салса, бәрін экономикалық өзгерістерден емес, саяси өзгерістерден бастау қажет. Кезінде саяси себептермен тұтқындалған адамдарды босату керек. Өйткені, көбісінде жалған айыптаулар бар. Сотталған адамдар не жұмысқа тұра алмайды, бала-шағасын асырай алмайды. Басты талап – митингтерге тосқауыл қойылмасын. Шыққысы келген адам пікірлерін ашық айта берсін. Оған еш шектеу болмауы тиіс. Шектеу кері әсер береді. Жаппай наразылыққа ұласуы ғажап емес. Полиция баяғы император кезіндегідей «охранка» болмауы тиіс. Құқық қорғау органдары митингке шыққан адамдардың құқығын, тәртіпсіздіктен қорғауы қажет. Еуропа елдерінде шеруге шыққан адамдарды бақыламайды, керісінше, қорғап жүреді. Сосын үйлеріне, жұмыстарына қоңырау шалып, жұмыстан шығартып, қудаламайды. Сосын партияларды тіркеу заңын, тәртібін жеңілдету керек. Тіркеу үшін партия қатарында 20 мың адам емес, 500 адам да жеткілікті. Халықтың көп партиялардың ішінен өзіне ұнаған партиясына дауыс беруге құқығы бар. Мәселен, Ресейде 500 адам да партия құра алады. Президентікке, депутаттыққа үміткерлерге қойылатын талаптарды да жеңілдету абзал. Президент болу үшін «бес жыл мемлекеттік қызмет істеуі керек», «он бес жыл елде тұруы керек» деген ережелер алынып тасталуы тиіс. Мәселен, мен өзімді ұсынайын десем, мемлекеттік қызметте тәжірибем жоқ. Қазақстанда тұрып жатқаныма он жыл ғана болды. Сондықтан өзімді кандидат ретінде ұсына алмаймын. Мемлекеттік қызметте істемеген қаншама лайықты адам бар. Ал мемлекеттік қызметте істеген, «Нұр Отанға» мүше болған қаншама адам сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталып жатыр. Демек, мемлекеттік қызметтегі, «Нұр Отандағы» адамдарды таза адамдар деп айта алмаймыз. «Нұр Отанның» өзі де өзгеруі керек.   Кемінде «Нұр» деген сөзді алып тастаған жөн. Бұл шара Назарбаевқа қарсы жасалмауы тиіс. Мемлекет жеке басқа табынудан арылуы керек. Бұл «Маған да табынбаңдар» деген белгі болар еді. Сондықтан Нұр-Сұлтан қаласының атауы өзгергені мақұл. Мәселен, барлық мекемелерде Қазақстанның туы мен «Нұр Отанның» жалауы қатар тұрады. Тіпті, КСРО кезінде де мұндай болған жоқ еді. Үкімет ел сезетіндей шаралар жасауы қажет. Біреулер популистік қадам дер, бірақ осындай нәрселер елге үміт сыйлайды. Бұл халыққа «біз өзгеріп жатырмыз» деген белгі береді. Мысалы, Өзбекстанда билік ауысқан кезде қарапайым өзбек әйелімен сөйлестім. Ол ашық аспан астындағы мұражайлардың күзетшісі екен. «Өзбектер елге оралып жатыр. Мынадай өзгерістер бар», – деп шын қуанды. «Жаңа президент елге не әкелді?» деп сұрағанымда: «Ең бастысы, үміт берді», – деп жауап берді. Мирзиеев билікке келе сала, Каримов жүретін автожолдың жиегіндегі қоршауды алып тастады. Бұл халыққа «біз ашықпыз» дегенді ұқтырды. Бізде де солай істеу керек. Президенттің резиденциясы азаматтық қоғамға беріліп,  ол ғимараттан халық елшілігі ашылғанын қалар едім. Қазақстанның халқы ассамблеясының енді қажеті шамалы. Экономикаға келсек, «Самұрық-Қазына», «Атамекен», «Бәйтерек» секілді ірі монополиялар жабылуы тиіс. Бәрін жасанды қолдан басқаруға болмайды. Нарықтық жүйеге көшіп, демонополизация саясатын ұстанып, мемлекеттік реттеуді барынша азайту керек»,  – деді. Несі бар, миға қонатын ұсыныстар.

Ермек Сахариев
21.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 55
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 530
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 480

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9183
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8582
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11810
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9579
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10791