Елдегі заңнамаларға өзгерістер енгізілмек

   Елдегі заңнамаларға өзгерістер енгізілмек

 Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында ел президентінің 16 наурыздағы халыққа жолдауындағы жалпы ұлттық іс-шара жоспарының жобасын ұсынды. Министр: «Министрлік әзірлеген жоба 10 бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды. Олар елдің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгертуге, дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шараларды қабылдауға бағытталған. Елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру бойынша бес іс-шара іске асырылады. Олардың бірі  – жолдауда айтылған жаңа облыстарды құру жұмысы. Бүгінгі күні Ұлттық экономика министрлігі Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру бойынша жұмысты бастап кетті. Биыл 25 наурызда премьер-министрдің өкімімен аталған облыстарды қалыптастыру үшін комиссия құрылды. Комиссияның міндеті  – жаңа өңірлерді құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде мемлекеттік органдардың ведомство аралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Сондай-ақ жауапты орындаушыларды және іске асыру мерзімдерін ескере отырып, Қазақстан республикасының әкімшілік-аумақтық кейбір мәселелері туралы президент жарлығын қабылдау жөнінде жұмыс алгоритмі әзірленді. Жұмыс алгоритм ұйымдастырушылық, дайындық және жедел іс-шаралар тізбесін қамтитын болады. Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының құруды көздейтін «Әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» президент жарлығының жобасы әзірленген. Аталған алгоритм облыс әкімдіктерінің назарына жеткізілген. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Сайлау жүйесін жетілдіру» бағыты бойынша елді одан әрі саяси жаңғырту мақсатында сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізілетін болады. Ол 70/30 қатынасында Мәжіліс құрудың аралас жүйесін көздейді. Яғни депутаттардың 70 пайызы партиялық тізімдер бойынша, 30 пайызы мажоритарлық жүйе бойынша сайланатын болады. Сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына – мажоритарлық жүйе бойынша 50, партиялық тізімдер бойынша 50 пайыз, аудандар мен қалалардың мәслихаттарына – мажоритарлық жүйе бойынша сайланады. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Өкілді билік тармағын қайта құру» бағытында 4 іс-шара жоспарланған. «Заңнамаға төмендегідей өзгерістерді енгізу арқылы Парламент Сенатын жасақтау тәртібі мен оның бірқатар функциялары қайта қаралатын болады. Атап айтқанда, Сенаттағы президенттік квота 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарады, оның ішінде 5 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынады. Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы Мәжілістен Сенатқа беріледі. Парламент Мәжілісі қабылдаған заңдарды Парламент Сенатының мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын беру, Парламент Сенатының өкілеттіктерін Конституциялық Кеңестің және Жоғары сот Кеңесінің төрағалары лауазымдарына кандидатураларды келісу құқығымен толықтыру көзделеді. Парламент Мәжілісіне заңдар қабылдау құқығы беріледі. Бұдан басқа, Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құрылады. Сонымен қатар, заңнамаға Президенттің облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері лауазымдарына баламалы негізде кемінде екі кандидатура енгізу құқығын, сондай-ақ мәслихат төрағасы лауазымын енгізуді регламенттейтін түзетулер әзірленетін боладыСондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы» аясында министрлік «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң және оған ілеспе заң жобаларын әзірлеуде. Заң жобалары жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару функцияларының аражігін ажырату, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүліктік құқықтарын және мәслихаттар өкілеттіктерін кеңейту; жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін оңайлату жөніндегі нормаларды көздейді. Ал Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Құқық қорғау институттарын күшейту» бағытында 9 іс-шараны іске асыру көзделген. Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциялық соты құрылатын болады. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері регламенттеледі. Сондай-ақ, адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық сотқа жүгіну құқығы беріледі. Сонымен қатар өлім жазасы Конституциядан алып тасталынады. Сондай-ақ «Прокуратура туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеу жоспарлануда. Прокуратура органдарына азаптау туралы істердің айрықша тергеулігін белгілеу жүктеледі. Жоғарғы сот кеңесінің конкурстық рәсімдерін онлайн-трансляциялауды және олардың қорытындылары бойынша егжей-тегжейлі, дәлелді түсіндірмелер жариялау енгізіледі», – деп мәлімдеді.

Ермек САХАРИЕВ
29.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 122
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 159
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 156
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 122
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 266
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 269
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 479
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 442

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9138
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8537
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11764
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9531
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10744