Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары, өңірлердің әкімдері қатысты. Кеңеске қатысушылар Қазақстандағы электр энергетикасы саласы мен атом өнеркәсібін дамытудың перспективаларын, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы тапшылығын шешу мәселелерін қарастырды. Жиын қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы әкім-қараларға елдегі заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуге қатаң тапсырма берді.