Елден 200 мың адам көшіп кеткен

Елден 200 мың адам көшіп кеткен

   Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановская онлайн-конференция барысында: «Елде көші-өон процесі қарқын алған. Бұл тұрғындардың өмір сүру үшін неғұрлым қолайлы жағдай тапқысы келетінімен байланысты. Пандемияға байланысты көші-қон процестерінің қарқыны бәсеңдегенімен, 2020 жылы бұл көрсеткіш 2015 жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары болды. Ішкі көші-қонның негізгі тартылыс нүктесі республикалық маңызы бар қалалар мен өнеркәсіптік батыс өңірлер болып отыр. Ал сыртқы көші-қонның теріс сальдосы 22 мың адамдай болады. Негізгі бағыттарды атасақ, соңғы бес жылда ТМД елдеріне 200 мыңға жуық адам кеткен. Жастар көбінесе шетелге оқуға барып, сонда қалып қояды. Өйткені онда оқуға түсу жеңілірек әрі ҰБТ тапсыру талап етілмейді. Соңғы уақытта кадрлардың тоқтамауы проблема ретінде көтеріліп жүр. Әрине, бұл күрделі мәселе. Бірақ көші-қон дегеніңіз – табиғи процесс. Біз адамдарға елден кетуге тыйым сала алмаймыз. Халықтың көші-қоны әрдайым қайтымсыз процесс болады. Азаматтар елде қалғысы келсе, кешенді шаралар қажет. Яғни барлық бағыттар бойынша өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар жасау керек», — деді.

                      

Ермек Сахариев
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5846
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5987
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20959
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19588
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23060