Елена қыздың елеулі жеңісі

Елена қыздың елеулі жеңісі

Ол  –  «ресейлік теннисші», «Ресей тәрбиелеген» деп орыстар мақтан тұтатын, Қазақстан атынан шығып жүрген Елена Рыбакина жайлы не білеміз?

Ресей жоғары деңгейлі теннисші шығарудан әлемдік үздік 5 елдің қатарына кіреді. Мұндай елде бәсекелестік жоғары және кез келген теннисші жарып шығып, өзін көрсете бермейді. Бәсекеге шыдамағандар өзіне қолайлы жағдай үшін басқа елге кетіп жатады. Тек Қазақстан емес, Аустралия бастаған көптеген елде экс-ресейлік теннисшілер өнер көрсетуде. «Рыбакина Қазақстан азаматтығын алған алғашқы ресейлік емес. Бұған дейін Ярослава Шведова, Михайл Кукушкин, Андрей Голубев, Галина Воскобоева т.б. теннисшілер біздің елге көшіп келген болатын. Жоғарыдағы тізімдегілердің әрқайсысы Ресейдің екінші емес, тіпті үшінші  құрамасына да кірмейтін еді. Бірақ елімізге келіп, өзінің потенциалын дамыта алды. Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогі, Конфедерация Кубогі сынды додаларда Азия аймағын жарып шығып, әлемдік деңгейге шыға алды. Бұл теннисшілерге қарап, қаншама қазақ жастары бой түзейді. Соның бір дәлелі бұрын барлық қарсыластан оңбай ұтылатын теннистен Жастар мен жасөспірімдер құрамасы Азия аймағында тәуір нәтиже көрсетіп, кемі өзінің тобынан, арысы жартылай финалға шығып жүр. Заңғар Нұрланұлы бастаған 14 жасқа дейінгі жеткіншектер Азия аймағында үшінші орын алып, Әлемдік турнирге жолдама алған. Сондай-ақ, белгілі ресейлік журналист әрі тележүргізуші Ксения Собчак қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Уимблдондағы жеңісіне қатысты пікір білдірді. Собчак Рыбакинаның Уимблдон турниріне қатысуына Қазақстанның төлқұжаты мүмкіндік бергенін еске салып, спортшының жеңісін Ресейге теліп жүргендердің сыңаржақ пікіріне қосылмайтынын айтты. Бұл Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі, өзімізді алдамайық. Ресейде оған ешкім мүмкіндік бермеді. Сондықтан үлкен турнирлерге қатыса алмады. Оған жеңіске жету мүмкіндігін берген – Қазақстан», – деді ол. Рыбакинаға келетін болсақ, 2018 жылдың маусым айында Қазақстан азаматтығын қабылдады. Бұл бір күнде шешілетін процесс емес, әрине, жыл басынан, тіпті бір жыл бұрын басталған процесс те болуы мүмкін. Рыбакина 2018 жылды әлемдік рейтингте 462 орыннан бастап, 182 орынмен аяқтады. 2019 жылды үздік 50 спортшының қатарына кіріп, 37-орынмен бітірді. 2020 жылды 19-орында аяқтаса, 2021 жылы 14-ші ракетка атанды. Биылғы жылы өзінің үздік нәтижесін көрсетіп, 12-орынға көтеріліп еді, алайда көктемгі турнирлерде жолы болмай, 23-орынға дейін түсіп  қалды. Рыбакина Қазақстан атынан Токио Олимпиадасына қатысып,  4-орынға ие болса, еліміздің Әйелдер құрамасымен бірге Германия құрамасын жеңіп, Билли Джинг Капта әлемдік топқа бірінші рет жолдама алған, міне, бүгінде Қазақстан тарихында бұрын-соңды болып көрмеген зор жеңіс! Қазақстан  тарапынан қолдау болмаса, бұның бәрі болар ма еді? Спортшы осындай нәтижеге жетер ме еді? Еленаның өзі де әр сұхбатында Қазақстанға рақметін жаудырып жатады. Уимбилдоннан кейінгі сұхбатында да: «Құрметті қазақстандықтар! Мен үйге қайтып бара жатырмын. Сіздердің маған деген қолдауларыңыз ерекше болды, рақмет, мен оны сезіндім! Біз бәріміз бірге тарихи сәтке қол жеткіздік. Бұл менің басымнан өтіп жатқанына әлі сене алар емеспін», – деді Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне. Қазір бұл спортшыларға еліміздің көмегі аса қажет те емес шығар. Себебі табыстары өте жақсы Уимблдон турнирінде жеңіске жеткені үшін 2 млн $ сыйақы алды.  

Алайда қиын-қыстау кезеңде еліміздің көрсеткен қолдауының арқасында осындай нәтижеге жетіп отыр. Әр жетістігінің артында Қазақстан тұрғанын айтудан жалыққан емес. Ендеше, еліміздің атынан шыққанына мақтан тұтатын, қай кезде де жақсылықты айтып жүретін спортшыны өзектен теуіп, бөлектегеніміз жарамас! Рыбакина – біздің теннисші! Бұл  – Қазақстанның жетістігі!»

 

Рауан Алмасұлы
15.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 184
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9061
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8458
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11685
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9447
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10665