Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі қандай?

Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі қандай?

Бұл сауалға жауап берген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов: «Жұмыссыздарға қазіргі сәтте еңбек келісімшарты жоқ, жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар жатады. Ұлттық статистика бюросы жүргізген сараптама негізінде бүгінде Қазақстанда 451 мың жұмыссыз адам тіркелген. Пайызға шағар болсақ, бұл жалпы жұмысқа қабілетті тұрғындардың 4,9 пайызын құрайды. Егер өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырар болсақ, жұмыссыздық 2,6 мың адамға қысқарды. Өткен жылғы бұл көрсеткіш 5 пайызды болған. Бұл жайт постпандемиялық кезеңнің өткендігін, экономика біртіндеп қалпына келе бастағандығын және адамдар жұмыстарына қайта кіріскендігін білдіреді. Жалпы, азаматтарды жұмыссыздар санатына жатқызудың екі тәртібі бар, оның  біріншісі — статистика органдарының сұрау салуына сәйкес.

Бұл халықаралық тәжірибеде бар, барлық елде қолданылатын, Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған тәртіп. Ол бойынша статистика органдары сұрау салу жүргізеді және әрбір кеңеңде цифрларды енгізеді. Көрсеткіш – 4,9 пайыз. Бұл статистика органдарының мәліметі. Сонымен қатар ведомстволық статистика бар. Бұл біздің қызмет көрсету орталықтарымызға Жұмыспен қамту орталықтарына келіп тіркелетін тұлғалар туралы дерек. Бүгінде олардың саны 223 мың адам. Жұмыспен қамту орталықтарында жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жеке куәлік қана керек. Бүгінде бұл процедураны онлайн режимде де жүзеге асыруға болады», деді.  

Ермек Сахариев
30.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4956
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5121
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20078
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18723
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22181