Елордамызда мыңнан астам белсенді еріктілер бар

Елордамызда мыңнан астам белсенді еріктілер бар

Қазіргі таңда жастардың ерікті болып, айналасына жәрдемін тигізіп, қоғамға аз да болса үлес қосып жатқандығы қуантады. Бұл жақсы үрдіс өз кезегінде жастардың тәлім-тәрбиесі мен ізгі қоғам құру дейтін асыл мұраттың басында тұрған өзекті түйіндердің бірі десек, қателеспейміз. Елімізде бұл саланың  құқықтық негіздерін, мақсаттары мен міндеттерін, қағидаттарын, нысандары мен түрлерін, сондай-ақ оны қолдау шараларын белгілейтін арнайы заң жұмыс істейді. Ол – 2016 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған «Волонтерлік қызмет туралы» Заң. Бұл заңда волонтерлік қызмет туралы негізгі ұғымдар көрсетілген. Сондай-ақ, осы заңның реттеу нысанасы ретінде көзделген нысандар мен түрлерде өтеусіз негізде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы қоғамдық пайдалы қызметті ерікті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар мәселесі қамтылған. Бұдан бөлек Волонтерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттері, негіздері, Волонтерлік қызметтің қағидаттары,  Волонтерлік қызметтің нысандары мен түрлері қарастырылған. Аталмыш заңның келесі тарауларында «Волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу», «Волонтерлік қызметті ұйымдастыру және қолдау» жағы анық белгіленген. Бұл дегеніңіз мемлекеттің ерікті жастарды қолдауы мен құқықтық тұрғыдан жасаған ерекше қолдауы екенін аңғартса керек. 

Волонтерлік қызметтің көлемінің кеңігені сонша, мемлекет ішін айтпағанда, алыс шетелдерге дейін барып, қажетті орындарға өз үлестерін қосып қайтатын жастарымыз бой көрсетіп жатыр. Одан қалса ел ішінде аянбай еңбек етіп, мұқтаж жандарға көмек қолын созатын жастарымыз көбейіп келеді. 

Елордамызда да осындай жастардың қатары қалың. Олар қашанда адал ниет, жарқын көңілмен айналасына мейірім мен ізгіліктің үлгісін көрсетіп жүр. Ел есінде қалған бір ғана мысал биылғы қаңтар кезінде қаламыздағы еріктілер ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырғаны белгілі. Біз осы төңіректе атқарылып жатқан іс-шаралардың жәй-күйін білу үшін көкейде жүрген бірнеше сауалымызды Нұр-Сұлтан қаласы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің маманы Айзат Әбиболлақызына қойған едік. 

– Елордамыздағы ерікті жастар туралы да оқырмандардың білгісі келетіні даусыз. Біздің қаламызда осы салада қызмет етіп жүрген ұйымдар туралы айтып берсеңіз.

– Иә, шынымен де, қазіргі таңда волонтерлік қызмет кеңінен қанат жайды. Бүгінде  елордамызда «Астана жастары» ЖРО базасында волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстарды топтастыруды ұйымдастыру, ақпараттық және ресурстық көмек көрсету, қаладағы іс-шараларды есепке алуды жүргізу, күш-жігерді біріктіру, дербес қозғалыстар санын ұлғайту үшін екінші жыл қатарынан «Волонтер – 2020» жылы шеңберінде «Қалалық волонтерлер штабы» жұмыс істейді.  Штаб 15 волонтерлік ұйыммен және 20 бастамашыл топпен, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында 8 ҮЕҰ-мен, қаланың кәсіпорындары мен меценаттарымен ынтымақтастық және бірлескен қызмет тұрақты негізде жүргізіледі. Штабта мыңнан астам белсенді ерікті бар. Осылайша, қалада жыл сайын волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстарының саны артып келе жатқанын атап өткен жөн. Осымен волонтерлік мәдениет және волонтерлер деген кім екенін қоғамдық түсіну өсіп келеді. 

– Біздің еріктілер қандай жұмыстармен айналысып жүр? 

– Елордамыздың аумағы үлкен болғандықтан және де волонтерлік бағыттардың сан алуандығына байланысты еріктілер әртүрлі бағыттағы жұмыстармен айналысады. Мысал ретінде айтатын болсақ: эко-волонтерлік, төтенше жағдайдағы волонтерлік, әлеуметтік және де ивент бағытындағы волонтерлік жұмыстар. Олар қаланың барлық саласындағы іс-шараларға белсене қатысады: тұрақты негізде еріктілер халық санағы, халықты газдандыру туралы ақпараттандыру, жылыту маусымы және көктемгі су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы, шомылу кезеңіндегі мінез-құлық ережелері, қаланың қоғамдық орындарында коронавирустық инфекция кезеңінде қорғау шаралары, тыйым салынған заттарды сату туралы жарнаманы бояу мәселелері бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарына және де ауылшаруашылық өнімдерін сататын қалалық жәрмеңкелерге тартылады. Осыған сүйене отырып, еріктілердің Қалалық штабымен ынтымақтастыққа тек волонтерлік ұйымдар мен игілік алушылар ғана емес, сонымен қатар тіршілікті қамтамасыз ету мекемелері де қатысады.

– Жастардың волонтер болсам деген көзқарасы туралы не айтасыз? Халқымыз «Бекер жатқанша, бекерге істе» дейтін еді. Яғни жас ұрпақты көпшіл болуға, қайырымды болуға дәріптегені ғой...

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Волонтер болу – тек ақысыз жұмыс емес, бұл азаматтардың жауапкершілігі мен әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайындықтың көрсеткіші» деген әдемі сөзі бар. Қазір ерікті түрде қоғамға қызмет еткісі келетін жастар бар. Олардың волонтер болсам дегені өте қуантады. Себебі волонтерлік салада еңбек етіп, қоғамға пайдасын тигізіп қана қоймай, ол өзіне де көмек көрсетеді. 

– Еріктілерге сырттан келетін көмек немесе қолдаулар бар ма? 

– Волонтерлік қызмет саласында жүрген еріктілердің атқарған ісі мен қоғамға пайдалы еңбектерін бағалап, ынталандыру мақсатында, тұрақты негізде болмаса да,  Алғыс хаттар, мемлекеттік марапаттар, кіші гранттар беріліп тұрады. Көбінесе еріктілер адамдардың алғысын есту үшін ғана волонтерлік бағытта аянбай еңбек етуде.

– Шынайы ақпараттарыңыз үшін алғыс айтамын!

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
28.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 160
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 378
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 348
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 963

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9040
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8437
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11665
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9426
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10645