Емдік дене шынықтыру кабинеті – оңалту және саулыққа жол

Емдік дене шынықтыру кабинеті – оңалту және саулыққа жол

Біз бүгін Алматы қаласы, Әуезов ауданындағы «№10 қалалық емхана» емдік дене шынықтыру (ЕДШ) кабинетінің нұсқаушы  маманы Қойшыманова Ризагүл  Файзоллақызын әңгімеге тартқан едік.

– Ризагүл  Файзоллақызы, Сіз, нұсқаушы маманның қызметі туралы айтып беріңізші.

– Әрине. Емдік дене шынықтыру – бұл емдеу, қалпына келтіру және алдын алу мақсатындағы арнайы жаттығулар жиынтығы. Біз оны стационарлық емдеу мекемелері, емханалар, санаторийлер жүйесінде дәрігерлердің тағайындауымен қолданамыз. ЕДШ дәрі-дәрмекпен емдеудің немесе отадан кейінгі қалпына келтірудің қосымша әдісі ретінде қарастырылса да, оның әсері өте айқын. ЕДШ негізгі құралдары – практикалық медицинада бұрыннан қолданылып келе жатқан дене жаттығулары.

– ЕДШ-ның негізгі мақсаты қандай? Ал нұсқаушының рөлі неде?

–  Негізінен, бұлшықеттерді нығайту, қозғалыс үйлесімділігін арттыру, буындардағы ауырсынуды азайту, қан айналымын жақсарту және психоэмоционалдық жағдайды көтеру. Сонымен қатар, ЕДШ жаттығулары науқастың физикалық жағдайына бейімделіп, жеке бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бұл әсіресе жарақаттардан, операциялардан кейін немесе созылмалы аурулары бар адамдар үшін маңызды. Мен жай ғана жаттығуларды көрсетіп қана қоймаймын. Барлық емдеу процесін қадағалаймын. Мысалы: Дұрыс техника: Қозғалыстың дұрыс орындалуы өте маңызды. Қате жасалған қозғалыс жарақат тудыруы мүмкін.

Жүктемені мөлшерлеу: Науқастың жағдайын күнделікті бақылап, жаттығуды жеңілдетемін немесе күшейтемін. Психологиялық қолдау: Оңалту – ұзақ процесс, сол себепті пациентті ынталандыру қажет. Біз бірге алғашқы нәтижелерге жетеміз.

– Кімдерге көмек көрсетесіздер?

– Біз барлық жастағы адамдарға көмек көрсетеміз. Балаларға: сколиоз, кифоз түзету, плоскостопие алдын алу және емдеу, жалпы дене дамуын нығайту. Ересектерге: омыртқа аурулары кезінде оңалту (жарық, грыжа, остеохондроз), буын аурулары (артроз, артрит), жарақаттар мен отадан кейінгі реабилитация, инсульттен кейін қозғалысты қалпына келтіру.

– ЕДШ жаттығуларының қандай артықшылықтары бар?

– ЕДШ – ең физиологиялық, табиғи және тиімді әдіс. Қозғалыс – ағзаның негізгі биологиялық функцияларының бірі. Нұсқаушы әр жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалай отырып, жарақат алу қаупін азайтады және сауығу процесін жылдамдатады. Сонымен қатар, біз аурудың тек белгілерімен емес, себебімен жұмыс істейміз.

Менің кәсіби деңгейім екі саланың тоғысында қалыптасқан:

Арнайы медициналық білім: ағзаның анатомиясы мен физиологиясын терең түсініп, аурудың клиникалық көрінісін ескере отырып, қауіпсіз жаттығулар жиынтығын құруға мүмкіндік береді.

Жоғары педагогикалық білім: әр пациентке психологиялық тұрғыдан дұрыс тәсіл тауып, жаттығуларды орындауды түсінікті жеткізуге, емделушіні нәтижеге ынталандыруға көмектеседі.

– ЕДШ-ның кешенді тәсілі қандай?

– Біз жиі физиотерапия, массаж, бальнеотерапия сияқты басқа емдеу әдістерімен бірге жұмыс істейміз. Бұл науқастың физикалық және психоэмоционалдық жағдайын жақсартады. Денсаулықты қалпына келтіру – терең білім мен көпжылдық тәжірибені талап ететін жауапты процесс. Біздің орталықта емдік дене шынықтыру тек дәрігер тағайындауы бойынша, қатаң түрде нұсқаушының бақылауымен жүргізіледі.

Ал нұсқаушының басты міндеті – ЕДШ қолданылатын физикалық жаттығулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жүктемені дұрыс мөлшерлеу, әр қозғалыстың биомеханикалық тұрғыдан дұрыс орындалуын қадағалау – науқастың тезірек сауығуына кепілдік береді. Сонымен қатар, оңалту кезінде психологиялық қолдау көрсету өте маңызды, себебі процесс ұзаққа созылады.

– Соңғы сұрақ, неліктен науқасқа маманмен жұмыс істеу маңызды?

– Емдік дене шынықтыру кез-келген ауру, жарақат немесе жасқа қарамай қолданылатын ең тиімді әдіс. Дененің негізгі биологиялық функциясы – қозғалыс, ол адамның өсуіне, дамуына және қалыптасуына негізгі стимулятор болып табылады. Маман әр қозғалысты қадағалай отырып, науқастың қауіпсіздігі мен нәтижелігін қамтамасыз етеді. Бұл процесс жылдам және тиімді жүреді, әрі жарақат алу қаупін азайтады.

Сұхбаттасқан – 

Аяужан ЖАЙЛАУҚЫЗЫ, 

Алматы  қаласы

 

 

18.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23986
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23657
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41107
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37075
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41322